Атырау, 29 наурыз 15:44
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

​«Қызыл балық пен уылдырықты сот шешімінің шығуына қарай сатамыз»

7 014 просмотра

Өткен жылдың аяғында «Вест дала» компаниясының пешінде сақтау мерзімінің өтуіне байланысты 2014 жыл ішінде барконьерлерден тәркіленген 2 мың келіден астам бекіре тұқымдас балықтар мен 26 келі қара уылдырық өртелді. Сол кезде бұл тәркіленген өнімдерді сатуға болмас па еді деген көпшіліктің сұрағын туғызған болатын.

«АЖ» Жайық-Атырау бекіре балығын өсіру зауытының директоры Ғилман СӘРСЕМӘЛИЕВТІҢ атына «Биыл тәркіленген бекіре балықтарына қатысты жағдай қалай?» деген редакция сауалын жолдады.

Мәселе мынада, осы кәсіпорын браконьерлерден тәркіленген бекіре тұқымдастар мен уылдырықты сату құқығы берілген мемлекеттік монополия субъектісі болып табылады.

Ғ.Сәрсемәлиевтің қолы қойылған жауапта қазіргі кезде зауытта 2 519 келі бекіре тұқымдастар мен 43,1 келі қара уылдырықтың сақтауда тұрғаны айтылған.

«Қазіргі кезде сақтау мерзімі бойынша 483,3 келі балық өнімдері мен 13,5 келі уылдырықты өткізу мүмкін болады. Оларды сату Республикалық ветеринарлық зертхана берген өнім қауіпсіздігі туралы қорытынды болған жағдайда, сот органдары үкімдерінің немесе басқа құқыққорғау органдарының іс жүргізу шешімдерінің шығарылуына қарай жүргізіледі. Бұл «заттай дәлелдемелер қылмыстық процестi жүргiзушi органның қаулысымен iске қоса тiгiледi және үкiм немесе iстi тоқтату туралы қаулы заңды күшiне енгенге дейiн сонда болады» делінген ҚР ҚІК 121-бабының 2-тармағына сәйкес жасалады. ҚІК-нің 223-бабының 2-тармағына сәйкес, затты тергеушi заттай дәлел ретiнде тану және оны iске қосып тiркеу туралы қаулы шығарады. Осы қаулыда заттай дәлелдi iспен бiрге қалдыру немесе оны иесiне немесе өзге адамдар мен ұйымдарға сақтауға өткiзу туралы мәселе шешiлуге тиiс. Сот үкімі заңды күшіне енгеннен кейін, кәсіпорынға келген орындау парағына сәйкес, заттай дәлелдер (біздің жағдайымызда – бекіре тұқымдас балық өнімдері) – мемлекет кірісіне айналады. Тек қажетті сәйкестік сараптамасынан өткеннен кейін балық пен уылдырықты азаматтарға және заңды тұлғаларға сатуға болады.

Биылғы жыл басынан бері біздің кәсіпорын 2149 кг балық пен 0,7 келі уылдырық сатты. Тәркіленген өнімдердің бағалары былайша белгіленген: мұздатылған бекіре тұқымдас балық – келісі 1 555,8 теңге, салқын ысталған балық – 5 290,7 теңге, қортпа балығының уылдырығы – 164 181 теңге, бекіре тұқымдас балық уылдырығы – 140 661,5 теңге, шоқыр уылдырығы – 56 695,9 теңге.

Тәркіленген балық өнімдерін өткізу жалға алынған зауыт орынжайында – Химпоселке ауданындағы «Амангелді атындағы» өндірістік кооперативтің сақтау камерасында жүргізіледі. Тұрғындарға сатып алу мүмкіндігі БАҚ арқылы, көбінесе «Атырау» облыстық газеті арқылы хабарланады.

Мемлекетаралық стандарттарға сәйкес, мұздатылған балықты сақтау мерзімі жеті айдан аспайды, салқын ысталған балық – 1,5 айдан аспайды, консерванттарсыз уылдырық – 2,5 ай жарымнан аспайды. Егер сақтауда тұрған балық өнімдері жарамдылық мерзімі өткенге дейін сатылмаса, қажетті сараптама жүргізіліп, ветеринарлық зертхананың қорытындысына сәйкес, қауіпті деп танылып, жойылады», - делінген Ғ.Сәрсемәлиевтің жауабында.

Тамара СУХОМЛИНОВА

22 маусым 2016, 14:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.