Атырау, 23 сәуір 22:05
 ашықВ Атырау +16
$ 445.66
€ 474.58
₽ 4.78

Атырау – бюджеттік «алыптар» отаны

2 107 просмотра


Жарты миллион теңге тұратын гүлзар екі жылға жетпей бүлінді.

Осынау эстетикалық тұрғыдағы даулы «шағын сәулет формасы» Атырауда 2014 жылдың қыркүйегінде Қазақстан мен Ресейдің ХІ өңіраралық ынтымақтастық форумының қарсаңында орнатылған еді. Сол жылдың шілдесінде әріптесім Сәуле ТАСБОЛАТОВА мемлекеттік сатып алулар туралы сайттан осы гүлзарлардың құны туралы мәліметтер тауып алған болатын. Естеріңізге салсақ, гүлдерге арналған алуан түрлі 167 ыдысты сатып алуға бюджет бір ыдыс үшін 534 645 теңге бөлді. Лоттың жалпы бағасы - 90 млн теңгеге жуық («Әкім қаласымен емес, қала әкімімен көрікті ме?»).

Даңқты Атырау қаласының тарихына еніп үлгерместен, жеткізуге және ішін субстраттармен толтыруға тағы да бюджеттің едәуір қаржысы жұмсалған қымбат тұратын алып гүлзар өзінің арзан гипс екенін білдіріп, қирап қалды. «Зардап шегушіні» дереу, ертеңгі күні үлдірмен орап тастады. Енді осы игілік балансына алынған ТКШ бөлімі оны жамау керек пе, әлде жаңасын сұрау керек пе деп, бас қатыратын шығар.

Субъективтік тұрғыда – бұл мен кездестірген гүлге арналған ең кейіпсіз ыдыс. Салық төлеушілердің қаржысына биліктің эстетикалық жағынан да, функциялық талаптарға да сай келмейтін өте қымбат тұратын объектілерді алуы қынжылтады. Материалдың өзі – арзан гипс, кеңестік сәулет жетістіктері рухындағы мұндай «туындының» стилистикасы да ескірген. Алайда, бір таңқаларлығы – бұл әлі де шенеуніктердің сұранысына ие (шамасы, жас ерекшеліктеріне қарай шығар).

Сұрақ - неліктен жекелеген кеңестік мұраға табынушылар бізге өз талғамдарын мәжбүрлеп таңады? Облыс орталығы үшін оның келбетін жақсартуға арналған, бірақ бағасы да ақылға қонымды кез келген туындыны референдумға шығаруды ұсынамын.

Егер қала тұрғындарынан кезінде Атырауға біреуінің құны 3000 доллардай болатын осындай гүлзарлар қажет пе деп сұраса, осы коммерциялық ұсыныстың авторлары жалпыхалықтық пікірмен мұнай астанасының шегінен жыраққа кеткен болар еді деп қорқамын.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

Суретті түсірген автор

21 маусым 2016, 11:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.