Атырау, 20 сәуір 16:59
 ашықВ Атырау +26
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Жәрдемақыға жәрдемші машина

2 631 просмотра

Қызылқоға ауданының Сағыз селосының тумасы, ІІІ топ мүгедегі - Самат ІЗТЕЛЕУОВ тігін шеберханасын басқарады. Онда екі тігінші жұмыс істейді. Оның бұл кәсібі мүгедектігі үшін алатын жәрдемақысына қосымша табыс көзі.

Ол жаңа жыл қарсаңында кәсіпкер-мүгедектерге қолдау көрсетумен айналысатын «Даму-Көмек» қорынан сыйлыққа тігін машинасын алды. Сағыз шағын ғана село, шеберхананың да жұмыс көлемі көп емес. Шеберхана қызметкерлері төсек-орын жаймаларын, карнавал костюмдері және сырт киімдерді өзгертіп тігеді. Шеберхананың жұмыс істегеніне екі жылдан астам уақыт болды. Тапсырыстар үнемі түсіп тұрады, сондықтан да Ізтелеуов өз ісін тастағысы келмейді. Ал, жаңа тігін машинасы болса, қосымша тігу жұмыстарын жасауға мүмкіндік береді деген үмітте.

«Фондтың сайтына жыл басынан бері көмек сұраған 32 өтініш түсті. Қажетті құрал-жабдықтарды сатып алуға біздің өз қаржыларымыз жоқ, алайда, демеушілердің көмегінің арқасында біз 14 мүгедек адамға көмек қолын соза білдік»,-дейді «Даму» қорының Атырау филиалының бас менеджері Ахан ҚАЙЫРҒАЛИЕВ. Тігін машиналарын сондай-ақ, Күлән Жұмағалиева (суретте) және Бақтылы Ахмедова да алды. «Бұрын мен базарда сауда жасадым, алайда, денсаулығымның салдарынан үйден жұмыс істеуге көштім, көпшік және көрпе тыстарын тіге бастадым,-дейді қызылқоғалық Күлән Жұмағалиева. Селолық жердегі ең басты мәселе - ол ақшаның жоқтығы, сол себепті базардағыға қарағанда өз өніміңді арзан бағамен сатуға тура келеді. Клиенттерді тек солай ғана ұстауға болады. Ал, өзіміздің 13 мың теңге жәрдемақымыз дәрімізге жетпей жатады. Мен тапсырысты өткен жылы беріп қойғанмын, міне, ақыры машинаға қолым жетті. Және оның өзін дер кезінде алдым деп қуанып отырмын, өйткені, ескі машинам тозып-біткен еді».

Зульфия ИСКАЛИЕВА

28 желтоқсан 2011, 21:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.