Атырау, 25 сәуір 17:34
 ашықВ Атырау +21
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Қарақшылар үй иесі әйелді киймен және асүй пышағымен қорқытқан

2 188 просмотра

Қарақшылар үй иесі әйелді киймен және асүй пышағымен қорқытқан

Биылғы жылдың наурызында Авангардта коттедждердің біріне өрескел қарақшылық шабуылы жасалды. Жекежайдың ішіне түскен қылмыскерлер алдымен бильярд ойнайтын киймен және асүй пышағымен қаруланады. Содан соң бөлмелердің бірінде ұйықтап жатқан үй иесі әйелді көреді. Шабуылдаушылардың бірі оның шашынан ұстап, тамағына пышақ тақап: «Өмір сүргің келе ме? Ақша салынған сейф қайда екенін көрсет!» деп, қорқытады. Қаскөйлер әйелдің басына сөмке кигізіп, аяқ-қолын орындыққа байлап тастайды. Содан кейін балтамен сейфті бұзады. Сөйтіп зардап шегушіге жалпы 4,7 млн теңгеден астам мөлшерде зиян келтіреді. Алайда олар бостандықта ұзақ уақыт сайран салмады. Кешікпей оларды полиция ұстады.

Сотталушылар 12 және 14 жылға бас бостандықтарынан айыру жазасына кесілді.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

21 маусым 2016, 10:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.