Атырау, 19 сәуір 21:15
 ашықВ Атырау +19
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Шегірткеге қарсы күрес жоспарлы түрде жүргізіледі

3 295 просмотра

Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Оңтүстік Қазақстан облысында мароккалық шегірткелер бақша дақылдарының егістігіне үлкен зиян келтірген. Ал біздің өңірдегі ахуал қандай?

Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы филиалының басшысы Хамидолла ДӘУЛЕТҚАЛИЕВТЫҢ айтуынша, биыл Атырау облысында шегірткелер шабуылы болады деп күтіліп отырған жоқ. Оңтүстік Қазақстаннан біздің өлкемізге мароккалық шегірткелер ұшып келмейді, өйткені бұл аумақ олардың мекен ету аймағына кірмейді.

Облыс бойынша барлығы 24,6 мың гектардай жер, соның ішінде итальяндық прустан – 16,6 мың гектар және азиялық шегірткеден 7,93 мың гектар жер улы химикаттармен өңделуге тиіс.

Итальяндық шегірткенің Қызылқоға ауданындағы 12,45 мың гектар жерге жұмыртқа салғаны анықталды (өңдеу аяқталды). Қазіргі кезде дернәсілдерді жою Исатай ауданында – 810, Индер ауданында – 250 және Құрманғазы ауданында 316 гектар жерге жүргізілуде.

Азиялық шегіртке дернәсілдерінің жарық көруі жаз басталғанда салқындап кеткен ауа райы салдарынан кешеуілдеді. Оны жоюды үш аптадан кейін бастау жоспарлануда.

Құрманғазы ауданында (3,8 мың гектар) және Атырау қаласының ауылдық округтерінде (3 мың гектар) ауқымды өңдеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Махамбет ауданында 500 гектар, Исатайда – 400, Жылыойда – 200 гектар жер өңделетін болады.

Сондай-ақ, облыс аумағына Ресей аумағынан шегірткелер ұшып келеді деген қауіп жоқ. Өткен жылы Астрахан облысынан көшкен шегірткелер қаптап кетіп еді. Бірақ биыл Волгада мол су тасқыны болып, шегірткелер жұмыртқа салған жерлер су астында қалды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

17 маусым 2016, 16:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.