Атырау, 19 сәуір 17:52
 ашықВ Атырау +19
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Дана Израильде ұзақ болмақ

2 880 просмотра

Ми ісігіне шалдыққан жерлесіміз, алты жасар Дана ҚҰСМАНОВАҒА Израильда жасалған операция сәтті аяқталды. Қазір ол сол жақта ем алып жатыр.

Естеріңізге салсақ, қараша айының аяғында дәрігерлер Данадан тез ұлғайып келе жатқан ми ісігін тапқан болатын. Оған шұғыл және қымбат тұратын операция қажет болды. Бұл операцияға өзгенің қайғысынан шет қала алмаған атыраулықтар ақша жинап беріпті. «Біз Германия мен Израильдің бірін таңдау керек болып, екіншісін таңдадық. Өйткені «Шнайдер» балалар медициналық орталығында нейрохирургия бөлімінің меңгерушісінің өзі операция жасамақ болды. Операция сәтті өтті. Дана наркоздан бірнеше күн бойына өз-өзіне келе алмады. Қазір сәуле терапиясының курсын алып жатыр», - деп әңгімеледі Израильден телефон арқылы хабарласқан Дананың анасы Мәдина.

Дананың ісігі үлкен болыпты. Дәрігерлер кесел зардабы басқа жерге таралып кете ме деп қауіптенген еді. Бірақ босқа қауіптенген екен. Израильдық мамандар Дана үшін әрі қарайғы емделу хаттамасын жазып берген. Ол операциядан кейін бірден сәуле терапиясын, бір ай демалыстан соң химиялық терапияның 9 курсын алуы керек. Мәдинаның айтуынша, Данаға тағайындалған дәрі-дәрмектер тізімінде Қазақстанда тек біреуі ғана лицензияланған екен. Ал бұл қалған дәрілерді басқа жақтан алдыртып, онымен елімізде бүлдіршінді емдеуді ешкім қолға алмайды деген сөз. Соған қарағанда, Дана алдағы уақытта да Израильде емін жалғастыратын шығар.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

27 желтоқсан 2011, 16:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.