Атырау, 29 наурыз 12:37
 ашықВ Атырау +10
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Елбасы «Эксон Мобил» корпорациясы директорлар кеңесінің төрағасымен бірқатар инвестициялық жобаларды қарастырды

1 387 просмотра

Фото: akorda.kz Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Эксон Мобил» корпорациясы директорлар кеңесінің төрағасы Рекс Тиллерсонмен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Кездесу барысында Қазақстанның мұнай-газ саласын дамытуға компанияның қатысуы жөніндегі мәселелер, сондай-ақ бірқатар инвестициялық жобалардың іске асырылу барысы талқыланды.

Мемлекет басшысы бірлесіп жүргізген жұмыстар кезеңінде қол жеткізілген табысты ынтымақтастыққа назар аударды.

Р.Тиллерсон Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтап, осы жылдары еліміздің зор жетістіктерге қол жеткізгенін атап өтті.

Сондай-ақ «Эксон Мобил» корпорациясы Директорлар кеңесінің төрағасы елімізбен серіктестік қарым-қатынастардың одан әрі дами беретініне сенім білдірді.

Дереккөз: Аkorda.kz

17 маусым 2016, 14:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.