Атырау, 25 сәуір 09:00
 ашықВ Атырау +26
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Ақмола облысындағы жазғы сауықтыру лагерінде шыны сынықтарымен жараланған оқушы қыз бала қайтыс болды

2 177 просмотра

Алматы. 16 маусым. ҚазТАГ – Ақмола облысының сауықтыру лагерінде шыны сынықтарымен жараланған оқушы қыз бала қайтыс болды, деп хабарлады ҚР білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметінен.

«Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Анна Маликованың өмірден кеткен қайғы-қасіретке ортақтастығын білдіреді. Ақмола облысының Қатаркөл санаторийінің Тайыншы районында орналасқан «Арман» атты сауықтыру лагерінде демалып жатқан 7 сынып оқушысы марқұм болып кетті», -делінген министрлік баспасөз қызметі таратқан хабарда.

Хабарда айтылғандай, 2016 жылдың 15 маусымында кешкі сағат 16-00 шамасында Анна Маликова бір топ қыздармен таза ауада ойлап жүріп, байқаусыз кіреберіс есіктің әйнегін сындырып алып, жараланады. 10 минут төңірегінде жәбірленген қызды жедел жәрдем және лагерь қызметкерлері Ақмола облысының Щучинск қаласының ауруханасына жеткізді.

Өкінішке орай, жедел жәрдем қызметкерлері Аннаға көмек көрсетіп үлгермей, өлім фактісін белгіледі. Қыздың ата-анасына бірден хабарды жеткізді.

Облыстық акимат пен білім басқармасы 15.06-нан 16.06 өтер түн ішінде 11 психологтардан құрылған топты ұйымдастырып, Тауыншы ауданына лагерь балалары мен кызметкерлерге психологиялық көмек жіберді.

Тайыншы ауданында болған оқиғаға қарасты ата-аналарға арналған сенім телефонын ұйымдастырды. Тайыншы қаласының №5 орта мектебінде 15 адамнан құрылған психилогиялық қолдау тобы ата-аналармен және қоғаммен жұмыс жасау үшін құрылды.

Ақмола облысының ішкі істер департаментінің жедел жәрдем тобы 16 маусымның кешінен бастап лагерде жұмыс істеп жатыр.

Анна Маликова аз қамтылған отбасылар фондынан лагерге жолдама алған. Жанұяда 3 баланы жалғыз тәрбиелеп жатқан ананың қайғысына ортақпыз.

Дереккөз: ҚазТАГ

16 маусым 2016, 17:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.