Атырау, 29 наурыз 00:27
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Оқиғалар тізбегі

2 345 просмотра

Полицияға Атыраудың 28 жастағы тұрғыны шағымданды: өткен жылдың қарашасында Оңтүстік Қазақстан облысының 24 жастағы тұрғыны көлікке қосалқы бөлшектер әперемін деп уәде беріп, одан 150 мың теңгесін алып, ғайып болған. Күдіктіге іздеу жарияланды.

* * *

Полицияға 55 жастағы ер адам хабарласты: 6 маусымда 26 жастағы танысы оның пәтерінен екі флеш-карта мен аяқ киімін емін-еркін ұрлап кеткен. Зиян 35 мың теңгені құрады.

* * *

Тасқала поселкесіндегі үйдің құрылыс алаңында 7 маусымда құрал-саймандар ұрланды. Ұрлық жасады деген күдікпен Жұмыскердің 37 жастағы тұрғынына іздеу жарияланды.

* * *

Полиция Ракуша поселкесінің кәмелетке толмаған тұрғынын ұстады. Оған көршілес Балауса поселкесіндегі коттеджді бұзып, ұрлық жасады деген айып тағылып отыр. Қожайын әйелге тиесілі алтын сырғалар ұрының олжасына айналды.

* * *

Атырау қаласының тұрғыны өз пәтерінде жөндеу жүргізген 43 жастағы Тәжікстан азаматының құрылыс материалдарын ұрлағандығын полицияға хабарлады. Іздеу жүргізілуде.

* * *

Полицияға қала тұрғыны шағымданды: Құрманғазы ауданының тұрғыны оны жалпы сомасы 1,2 млн теңгеге тауар несиесін алуға мәжбүрлеген. Осы ақшаға ер адам ұялы телефон, теледидар мен кондиционер алған. Тергеу жүргізілуде.

* * *

Атырау ықшамауданында марихуана салынған түйіншекті 5 мың теңгеге сатуға әрекет жасаған ер адам ұсталды. ҚР ҚК-нің 297-бабының 1-тармағы («Есірткілік заттарды өткізу мақсатында заңсыз сақтау») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сот қаулысымен оны 2 ай уақытқа қамауға алуға санкция берілді. Тергеу жүргізілуде.

* * *

Полицияға Атыраудың 48 жастағы тұрғыны хабарласты. 13 маусымда ол Грибоедов көшесімен келе жатқан кезде белгісіз біреу оның «Приора» көлігінің капотына бөтелке лақтырып, 50 мың теңге мөлшерінде зиян келтірген. 25 жастағы бұзақы ұсталып, басқа жаққа кетпеу туралы қолхатпен босатылды.

16 маусым 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.