Атырау, 25 сәуір 23:11
 ашықВ Атырау +25
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Атырау мен қала маңындағы көшелердің жартысында асфальт жоқ

3 008 просмотра

13 маусымда қалалық мәслихат сессиясында депутаттар алдында қала әкімі Нұрлыбек ОЖАЕВ сөз сөйледі.

Оның айтуынша, «Атырау Су Арнасы» КМК-де жаңғырту жұмыстары аяқталуда. 191 энергия үнемдегіш сорғы, алты ірі мөлшерлеуіш сорғы алынып, құрастырылған. Қазір кәсіпорын алғаш рет өз тарихында тиімді кәсіпорынға айналды. Биыл қалалық бюджет қаржысынан жалпы ұзындығы 67 км болатын 86 көше жөнделді. Атырауда қала маңымен қосқанда барлығы 1 557 көше бар. Оның 755-інде асфальт жоқ. Бюджет қаржысынан бөлек ұзындығы 48,7 км 67 көшеге НКОК компаниясынан демеушілік қаржы бөлінбек (жобалау құжаттар әзір, тендер өткізілуде). Бұдан басқа, ұзындығы 47,7 км болатын 78 көшенің жолдарын жөндеуге қазір ТШО-дан да ақша бөлінуде (жобалау құжаттары мемлекеттік сараптама процедурасынан өтеді, содан соң тендер жарияланады).

Екінші жыл қатарынан көктемгі жаңбырлар жеке секторға едәуір зиян тигізіп тұр. Өткен жылы төрт рет, биыл бір рет төтенше жағдай жарияланды. 2015 жылы қала тұрғындарынан үйлерін су басқандығы туралы 1 121 шағым, биыл – 958 шағым түскен.

Өткен жылы төтенше жағдай аясында су басумен күрес күзге дейін жалғасты. 585 адам қауіпсіз жерге көшірілді, жеке аулалар мен мемлекеттік нысандардан 224 мың текше метр су тартып шығарылды (жеке вакуумдерді есептемегенде). 168 млн теңге өтемақы төленді, тұрғын үй қорынан 120 пәтер бөлінді.

Биыл тартып шығарылған су көлемі 309 мың текше метрді құрады. 65 үй қожайындарына 45 млн теңге өтемақы бөлінді. Қазір есепте 326 отбасы тұр, олардың үйлері тұру үшін жарамсыз деп танылған. Зардап шегушілердің барлығына үкімет бекіткен табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккендерге келтірілген зиянды өтеу ережелеріне сәйкес көмек көрсетілетін болады.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

14 маусым 2016, 16:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.