Атырау, 20 сәуір 21:14
 ашықВ Атырау +20
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Атырау: Жеңіс бағында жағылған шырақтар

2 935 просмотра

Бүгін, 23 желтоқсан,  сағат 18.00-де Атыраудағы Жеңіс бағында саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткіш алдына қала тұрғындары Жаңаөзендегі оқиға кезінде қаза болғандарға арнап 20 шақты шырақ жақты.

«Бүгін Жаңаөзенде қаза болғандарға жеті күн толды. Біз осылайша бұл датаны атап өтуді ұйғардық», - дейді «Заман» ҚБ төрайымы Әсел НҰРҒАЗИЕВА.

Жаңаөзенде қаза болғандарды еске алып, қайғыларына ортақтасқан көңілдерін білдіруге 15-20 адамдай жиналды. Адамдар үнсіз ғана шырақтарын жағып, кетіп жатты.

«Мен қаза болғандар арасында жергілікті халық болғандықтан ғана келдім, - дейді Александр есімді жас жігіт. – Анығын білмей, қай жақты болмасын қолдаймын деп айта алмаймын, қазір бірдеңе деп айту да қиын».

Акцияға қатысушы Жолдас Жаңаөзенде Түркіменстан бағытындағы темір жол құрылысымен айналысатын мекемеде жұмыс жасайды екен. «Мен вахтадан 15 желтоқсанда келдім, ал келесі күні осы жағдай туралы естідім. Болған оқиға ойлануға мәжбүр етеді. Бейбіт тұрғындарға оқ атуға ешкімнің қақысы жоқ».

Акция30минутқа созылды, содан кейін бәрі тарап кетті. Осы уақыт бойына Мәңгілік алаудан қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткішке дейін полицейлер мен штаттық киімдегі 10 шақты адам серуендеп жүрді.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

Суретті түсірген В. Истомин

23 желтоқсан 2011, 21:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.