Атырау, 24 сәуір 13:04
 ашықВ Атырау +19
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

«Бұрынғы жұмысымызды қайтаруды талап етеміз»

1 888 просмотра

Елбасы келгеннен кейін, бүгін 23 желтоқсанда, «ҚаражамбасМұнай» АҚ мұнайшылары қайтадан компания кеңсесінің маңына жиналды. Олар «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқармасының тағайындалған президенті Ләззат ҚИЫНОВПЕН және Жаңаөзендегі оқиғаларды тергеу жөніндегі мемлекеттік комиссияның жетекшісі Өмірзақ ШӨКЕЕВПЕН кездесуді күтуде.

Ақтау қаласындағы «ҚаражамбасМұнай» компаниясы кеңсесінің маңына 500-дей жұмысшы жиналды. Олар тете министр Біржан НҰРЫМБЕТОВТІҢ атына хат жазып, қол жинап жатыр. Хатта, ішінара, былай делінген: «Біз, «ҚаражамбасМұнай» компаниясының қызметкерлері Қазақстанның түрлі аймақтарындағы бізге ұсынған жұмыс орындарының тізімін талқыға салдық. Біз әр мұнайшының пікірін жолдап отырмыз: біз өзімізді жұмыстан заңсыз қуылдық деп есептейміз және біздің бұрынғы жұмыс орындарымызға қайта алуды талап етеміз».

Болатбек ӘУЕЛБАЕВ, «ҚаражамбасМұнай» АҚ жұмысшысы:

– Кеше Нұрсұлтан Назарбаевтың Ақтау мен Жаңаөзенге сапары жөнінде естігенмін. Ол жұмыс берушілердің кінәлі екендігін айтты. Мен президентпен келісемін. Біздің компаниядан 1 080 адам жұмыстан қуылды, 500 адам осыған қатысты сотталып жатыр. Бізде Ақтауда соттар әділ өтпейді. Сондықтан, егер біздің сот дауымыз шешілмесе, жағдай қайтадан шиеленісе түспек.

Аманғали БАЙМЫРЗА, «Арғымақ сервис» ЖШС қызметкері:

– Бізге Қазақстанның түрлі компанияларынан басқа жұмыс орындарын ұсынып отыр. Біз бұған келіспейміз, ешқайда бармаймыз. Бұл орынсыз әңгіме. Және біз Жаңаөзенге қатысты өз талаптарымыздан бас тартпаймыз. 

Кейінірек үймелеген мұнайшыларға астаналық бард Жанат ЕСЕНТАЕВ (суретте) қосылды. Гитара ұстаған жігіт өзі шығарған патриоттық әндерді шырқады.

– Мен өз әндеріммен мұнайшыларды моральды тұрғыда қолдау үшін Астанадан келдім, - деді ол бізге.

Қазақ тілінде орындалған оның әндерінің жиналғандарға ұнап қалғаны анық. Ішіндегі біреуі батыс аймағының салты бойынша әншіге рух бергені үшін ризалықтарын білдіретін ақшаларының жоқ екендігіне өкініш білдірді.

Сәния ТОЙКЕН

P.S. «ҚаражамбасМұнай» жұмысшылары бүгін Л. Қиынов пен Ө. Шөкеев ереуілге шыққан мұнайшыларды жұмысқа орналастыру мәселелеріне байланысты Жаңаөзенде кідіреді екен деген хабардан кейін үйлеріне тарасты. Олар ақтаулық мұнайшылармен ертең, 24 желтоқсанда кездесуге уәде етіпті.

23 желтоқсан 2011, 19:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.