Атырау, 28 наурыз 23:30
 бұлттыВ Атырау +4
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

​Су қайта толды

2 228 просмотра

- Нұрсая ықшамауданындағы №55, 57 үйлердің кәріз жүйесі дұрыс жұмыс жасамайды, әлсін-әлсін тасып, үйлеріміздің алды шіріген шалшыққа айналды. Бұған дейін бірнеше жерлерге хабарласып, жағдайымызды баяндадық, қалалық әкімдік, қалалық тұтынушылар құқығын қорғау басқармасы, Нұрсаядағы коммуналдық қызмет көрсету мекемесіне арыз түсірдік. Бірақ мәселеміз әлі шешілмей тұр. Терезелерімізді аша алмаймыз, есік алдына шығып отыра алмаймыз, себебі, шіріген судың иісі мен оған жиналған маса, шіркейлер мұрша бермейді.

Жұмагүл Ихласова, үй тұрғыны

Сұраққа «Атырау Су Арнасы» КМК директоры Андрей ТАШЛЫКОВ жауап берді:

- «Атырау Су арнасы» КМК қызметі Нұрсая ықшамауданындағы №55, 57, 60 тұрғын үйлердің аулаларынан сарқынды суларды мотопомпамен сорғызу жұмыстарын орындады. Апат салдары жойылды және сарқынды су басқан жерлерге залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді.

Нұрсая ықшамауданындағы 5,4 га учаскесі тұрғын үйлер үшін салынған су құбыры және кәріз желілері, сонымен қатар су қысымын көтеру сорғы стансасы «Атырау Су Арнасы» КМК-на пайдалануға және теңгеріміне берілмегенін қаперге береміз.

9 маусым 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.