Атырау, 20 сәуір 10:43
 ашықВ Атырау +32
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

​Алалаушы маршрут

2 705 просмотра

- Мен Дамбы селосынан қалаға қатынайтын №50 маршруттағы келеңсіз жағдай туралы айтқым келеді. Кондуктор автобуста екі зейнеткерден артық мінген зейнеткерден жолақысының толық көлемін талап етеді. Неге мен зейнет жасыма қарамай түгел төлеуім керек?

зейнеткер, телефон арқылы

Сұраққа «Айс Транс холдинг» ЖШС пайдалану бөлімінің басшысы Айдарбай ҚИЛЫБАЙ жауап берді:

- №50 маршрут бойынша біздің «Айс Транс Холдинг» ЖШС қызмет көрсетеді. Қазіргі уақытта серіктестікте жолаушылар тасымалы көлігінің жетіспеуіне байланысты біз жеке автобустарды жалдап отырмыз. Ал, бұл жағдайға қатысты айтарым, холдинг бойынша бекітілген тәртіп бірдей – олар қаладағы басқа автобустар секілді зейнеткерлерден төлемнің 50 пайызын алу керек. Ал, оқушыларға сабақ уақытында жол жүру тегін.

9 маусым 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.