Атырау, 28 наурыз 21:11
 ашықВ Атырау 0
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Жөнсіз жарнамаға орын жоқ

2 552 просмотра

Атыраулық жеке кәсіпкер Мұрат Әділовтің қаладағы билбордтарға жарнама ілумен айналысып келе жатқанына біраз болды. Осыдан бір жылдан аса уақыт бұрын ол өзінің кәсібіне өзгеріс енгізіп, мұсылмандық дәстүрге сай келмейтін жарнамалық ақпараттарды қабылдамауды шешті. Және бұл жөнінде өзінің клиенттеріне де ескертіп, хабарламалар таратып келеді.

Жеке кәсіпкердің хабарламасында алкогольдік ішімдіктер, банктердің жұмысы және өзге де харам нәрселерге жататын тауарлар мен қызметтер туралы насихаттайтын хабарландыруларды орналастыруға ұсыныс жасауға тиым салынған.

«Біздің Ислам дінін құрметтеуімізге байланысты, біз барлық алкогольдік брендтерді, сыраны, сондай-ақ, колбаса өнімдері брендтерін, сырттан әкелінген құс еттерін, шығу тегі күмәнді барлық ет өнімдерін, құмар ойындар мен лотерея ойындарын, сондай-ақ, пайыздармен байланысты банктердің жұмысын (несиелер, ипотека, депозиттер) жарнамалай алмаймыз. Біз Сіздерді түсіністікпен қарайды деп үміттенеміз және өз қызметімізді тек қана Ислам қағидалары бойынша ұсынуға қуаныштымыз, - делінген хабарламада.

Мұрат ӘДІЛОВпен оның зайыбы Айгүл МОЛДЕКЕНҚЫЗЫ бұл хабарламаның клиенттерді үркітіп алатынына уайымдамайды. «Біз үшін ақша маңызды емес. Біз үшін адал еңбекпен тапқан табыс маңызды. Бір-біріне адал қызмет көрсеткен адамдардың жүрегі де таза, ниеті түзу болады. Барша жұртшылықты да игілікті іс жасауға шақырамыз» деп ой бөлісті олар.

Айнұр САПАРОВА

22 желтоқсан 2011, 17:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.