Атырау, 20 сәуір 16:24
 ашықВ Атырау +26
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Су есепшоттары таң қалдырды

2 484 просмотра

Авангардтағы 3-ші ықшамауданда коммуналдық дүрлігіс орын алды: №45 және №24 үйлердің тұрғындары салқын су үшін ақылға сыймайтын шоттар түбіртегін алыпты.

«Барлық төленетін ақы» деген бағанда 5 мыңнан 20 мың теңгеге дейінгі сома белгіленген. «Атырау Су Арнасы» 1 сәуірді кешіктіріп атап өтіп жатқан болар немесе есептегенде қателескен шығар деген үмітпен адамдар «АСА»-ға түсінік алу үшін барған екен. Ол жердегілер алдымен оларға әлдебір ірі жылыстау орын алғаны туралы айтқан, содан кейін есептеулер жазылған ҚР Су кодексінен үзінді көрсеткен. Ауыр мәтінді ұғына оқыған соң әңгіменің үйдегі ортақ су есептегіш аспабындағы көрсеткіш пен пәтерлердегі жеке есептегіштердің жиынтық көрсеткіші арасындағы айырмашылық туралы екенін түсінуге болады. №45 және №24 үй тұрғындарына маусым айынан бастап осы қосымша соманы төлеуге тура келеді. Өйткені осы екі үйде ортақ су есептегіш аспаптар орнатылған. Айтпақшы, тұрғындардың көпшілігі осы «ортақ» есептегіштің бар екендігі туралы білмеген де екен.

«АЖ» «Атыру Су Арнасы» КМК баспасөз қызметіне хабарласты. Онда тұрғындарға айырмашылықты төлеуге тура келетіндігін растады. Бірақ қазіргі шоттарда осыған байланысты жаңылысулар мүмкін екенін жоққа шығармады. Осыған қатысты мұның мән-жайын анықтайтын комиссия құрылғанын бізге хабарлады. Өз кезегінде наразы тұрғындар аяқ астынан қымбаттап кеткен су мәселесі бойынша ПИК жиналысын өткізбек. Талқылайтын мәселе бар. Мәселен, өзін Русланмын деп таныстырған қала тұрғыны жаңа есепшот бойынша салқын су үшін төлем екі есе дерлік көбейіп кеткенін растады.

Марат ТАКУЛИН

Суретті түсірген автор

8 маусым 2016, 10:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.