Атырау, 24 сәуір 22:00
 ашықВ Атырау +13
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Тағы екі балабақша есік ашты

3 210 просмотра

Сейсенбі күні Атырауда бірден екі балабақша ашылды. Бірі - Авангард 2-ші ықшамаудандағы №19 «Шұғыла» балабақшасы, екіншісі – Атырау ықшам ауданындағы №5 «Аққу» балабақшасы.

Ұзақ уақыт бойына №19 балабақшаның типтік ғимараты мақсаты бойынша пайдаланылмады. Соңғы жылдары оған спорт мектебі, қалалық №3 мектеп филиалы және тіпті, автомектеп те орналасқан болатын. Жарты жылдық күрделі жөндеуден кейін ғимарат бүлдіршіндерге өз есігін қайтадан айқара ашты. Қалалық әкімдіктің мердігері «СнабОйлСтрой» ЖШС боп белгіленді. Қалалық әкімдіктің баспасөз хатшысы Назымгүл ҚАЙСАҒАЛИЕВАНЫҢ айтуынша, балабақша 280 балаға арналған. Ғимараттың жалпы алаңы 2 мыңнан астам шаршы метрді құрайды.   

№5 балабақша – бұл жаңа нысан. Құрылысқа облыстық құрылыс басқармасы тапсырыс берген. Бұл балабақша да 280 орынға есептелген.

Қалалық білім беру бөлімінің мектепке дейінгі бөлімінің бас маманы Гүлнар ЖОЛМҰХАНОВАхабарлағандай, жаңа балалар мекемелерінің ашылуына байланысты осы массивтерде жұмыс жасап тұрған балабақшалардың жұмыстары жеңілдеп, балалар саны азаятын болады:

– Атырау ықшам ауданындағы балабақшаға ата-аналардың қалауымен Сәтбаевтағы №43 және Гагарин көшесіндегі №9 балабақшалардан балалар ауыстырылады. Авангардтағы №21 балабақшадағы балалар да бөлінеді. Бұдан басқа, екі балабақшаға да міндетті түрде 2009 жылғы және 2010 жылдың басында кезекке тұрғандар, сондай-ақ жеңілдік алушылар бөлінетін болады.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

22 желтоқсан 2011, 17:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.