Атырау, 24 сәуір 07:52
 ашықВ Атырау +27
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Ыстамбұлдағы жарылыстан 11 адам қаза тапты

1 890 просмотра

Image 0Ыстамбұлдағы жарылыстан 11 адам қаза тапты, оның жетеуі полицей, - деп хабарлайды РИА Новости. Тағы 36 адам жарақат алған. Бұл туралы жергілікті БАҚ-тарға қала губернаторы Васип Шахин хабарлады.

"Жарылыс кезінде жеті полицей және төрт бейбіт тұрғын қаза тапты. 36 адам жарақат алды, олардың жағдайы ауыр деп бағаланып отыр. Автотұрақта тұрған көлікке мина қойылған екен", - деді тілшілерге Шахин.

Еске салайық, Ыстамбұлдағы автобус аялдамасында жарылыс болған еді. Оқиғадан кейін атыс болғаны айтылған еді.

Дереккөз: tengrinews.kz

7 маусым 2016, 12:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.