Атырау, 29 наурыз 17:59
 ашықВ Атырау +1
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

«Атырау» футбол клубына болгарлық бапкер жетекшілік етеді

2 583 просмотра

Image 0

Фото: moldova.sports.md

«Атырау» ФК хабарлағандай, облыстық футбол командасының бас бапкері болып 59 жастағы болгар маманы Стойчо МЛАДЕНОВ тағайындалды.

С. Младенов кезінде «ЦСКА» (София) командасын екі мәрте Болгария чемпионы атағына жеткізген еді. Сондай-ақ, португал, грек, сауд және мысырлық командалармен жұмыс істеді. Түрлі жылдары Болгарияның ұлттық және жастар құрамасына жетекшілік етті. Онымен осы маусымның аяғына дейін келісімшарт жасалды.

Естеріңізге салсақ, «Атыраудың» бұрынғы бас бапкері Владимир НИКИТЕНКО өз командасының «Ақтөбемен» меймандық матчындағы жеңілісінен кейін мамырдың басында отставкаға кеткен еді. Соңғы уақытқа дейін бас бапкердің міндетін оның көпжылғы көмекшісі Юрий КОНЬКОВ атқарды. Оның басшылығымен команда чемпион «Астанадан» басым түсіп, резонансты жеңіске жетті, сондай-ақ, ел кубогының жартылай финалына шықты.

«Атырау» ФК директоры Асылбек ЖҮНТЕРБАЕВТЫҢ айтуынша, бұдан бұрын клуб Коньковқа «міндетін атқарушы» деген қосымшасыз бас бапкер лауазымын қолқалап ұсынған еді. Бірақ ол Никитенко отставкаға кеткеннен кейін «Атырауда» қалуға құқылы емеспін деп есептеп, бұл лауазымнан бас тартты.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

«Атырау» ФК фотосуреті

6 маусым 2016, 20:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.