Атырау, 24 сәуір 03:45
 ашықВ Атырау +22
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Атырауда Kazakhstan Open турнирі өтті

Сурет
2 711 просмотра


Өткен демалыс күндері «Атырау» ДСК-де 2008 жылғы Пекин олимпиадасының қола жүлдегері Арман Шылмановтың жүлдесі үшін таеквондодан Kazakhstan Open халықаралық турнирі өтті.

Турнирге Қазақстан, Украина, Тәжікстан және Өзбекстан құрамалары қатысты. Бұл жөнінде А.Шылманов былай деп әңгімелейді:

Өткен жылы бұл турнир алғаш рет Алматыда өткізілді. Атырау облыстық таеквондо федерациясы келесі турнирді бізде өткізу үшін өтініш берген болатын. Өткен жылдың желтоқсан айында біздің қаламызға Бүкіләлемдік таеквондо (WTF) федерациясының комиссиясы келіп, турнир өткізуге келісім берді. Жекпе-жекте шамамен 200 спортшы бақ сынады. Олардың тізімінде Азия чемпионатының күміс жүлдегері Смаил ДҮЙСЕБАЙ және Лондон олимпиадасына қатысушы тәжікстандық Фарход НЕГМАТОВ бар. Өкінішке қарай біз шақырған көптеген ең мықты деген әлемдік таеквондошылар келе алмады, олардың көпшілігі Риода өтетін олимпиадаға қатысуды көздеп отыр. Дегенмен де Kazakhstan Open турнирі бұл Атырауға көрсетілген үлкен сенім және атыраулық спортшылар үшін өздерін көрсетуге берілген керемет мүмкіндік.

Турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлері жеке есепте медальдарымен қоса Шылмановтың қолынан швейцариялық сағат алды. Ал, командалық жарыстың жүлдегерлерінің үштігі медальдар алды және сәйкесінше 500, 300 және 200 мың теңге сыйақы алды. Бұдан басқа 80 келіден жоғары салмақта жеңіске жеткен жеңімпазға арнайы жүлде - «Лада Гранта» автокөлігі тігілді.

Жеке есепте жүлделі орындарға ерлер арасынан: 58 келіге дейінгі салмақ бойынша Елдос Ысқақ (Тараз), Нұрдәулет Асханов (Астана), Әлихан Сейітов (Атырау) және Қазыбек Бахтиярұлы (ОҚО);

68 келіге дейінгі салмақтаАбдусамат Лес (ОҚО), Давламурод Каримов (Тәжікстан), Әлихан Саймағамбетов (Ақтөбе) және Бауыржан Жақсылық (Астана);

80 келіге дейінгі салмақтаНұрлан Мырзабаев (ОҚО), Бағдат Әбдірахман (Қызылорда), Асхат Қалымбетұлы (Ақмола) және Нұрсұлтан Жедібаев (Атырау);

80 келіден жоғары салмақ бойыншаФарход Негматов (Тәжікстан), Әзизбек Қалжанов (Алматы), Үмбет Шакиев (Атырау), Саламат Құрбаниязов (Алматы) ие болды.

Әйелдер арасынан: 49 келіге дейінгі салмақтаЖазира Сапарбек (Қызылорда), Анаргүл Сабыр (Павлодар), Нүрила Убайдуллаева (ОҚО), Айдана Еділбаева (Атырау);

57 келіге дейінгі салмақ бойыншаМаржан Телепбергенова (Астана), Перизат Жұбанова (Қызылорда), Арайлым Оразақова (Атырау) және Диана Ғазизова (БҚО);

67 келіге дейінгі салмақтаГания Альзак (ОҚО), Жұлдыз Бүркітова және Майра Сүйенбекова (екеуі де Атыраудан);

67 келіден жоғары салмақтаҰзақбаева Динара, Елубай Айгүл (екеуі де Атыраудан) және Меруерт Көпболсынова (Қызылорда) жеңіске жетті.

Юниор ұлдар: 48 келіге дейінгі салмақ бойыншаСамат Темірхан (ОҚО), Димат Жұмабек (Қаскелең), Ернар Бейбіт және Дәурен Жұмағалиев (екеуі де БҚО);
55 келіге дейінгі салмақтаОлжас Ержанов (Қаскелең), Аманжан Нұрсұлтан (Атырау), Абылайхан Амангельдиев (Ақтау), Алмат Қожахмет (ОҚО);

63 келіге дейінгі салмақтаДонес Сыдықов (Қызылорда), Аққалбек Тағабергенов (Қаскелең), Мақсат Қаби (ШҚО), Мухамадхасан Шохмахмадов (Тәжікстан);

73 келіге дейінгі салмақ бойыншаМирас Қабыл (Ақтау), Авлие Саидов (Тәжікстан), Мерген Ғайниев (Атырау), Наим Сафодов (Тәжікстан);
73 келіден жоғары салмақтаБауыржан Хасенов (Қаскелең), Юлдашбек Сұлтанмұратов (ОҚО), Қайыржан Жолжанов және Рамазан Зұлқашев (екеуі де Атыраудан) жүлдегер атанса,

юниор қыздар арасынан: 44 келіге дейінгі салмақ бойыншаАйдана Еділбаева (Атырау), Аяужан Әлиқызы (ОҚО), Жансая Айтуарова (Атырау), Карима Берікбаева (Ақтау);

49 келіге дейінгі салмақтаӘйгерім Мұхамеджанова (ШҚО), Диляра Керимова, Әсемгүл Қожыкова (екеуі де Атыраудан), Феруза Асылбек (Ақтау);

55 келіге дейінгі салмақтаАружан Жанәділова (Тараз), Дильназ Рапихова (ШҚО), Анажан Исатаева (Атырау), Муниса Исматова (Тәжікстан);

63 келіге дейінгі салмақтаАрайлым Оразақова, Ақниет Қабдулина (екеуі де Атырау), Сымбат Хожамұратова (Қаскелең), Варвара Пальчик (Украина);

63 келіден жоғары салмақтаӘйгерім Қажымова (БҚО), Майра Сүйенбекова, Айша Серікова және Айза Өтегенова (үшеуі де Атыраудан) марапатқа ие болды.

Командалық К5 жарысында Оңтүстік Қазақстан облысы жеңімпаз деп танылса, екінші орында Атырау, үшінші орын Астанаға бұйырды. Атырау командасының құрамында спортшылармен қатар жаттықтырушылар Руслан АМАНҒАЛИЕВ және Дастан ҚОЖЫРОВТАРДЫҢ болғанын айта кету керек.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген Марат ТАКУЛИН


6 маусым 2016, 18:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.