Атырау, 29 наурыз 19:56
 ашықВ Атырау +1
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Қуандық Батыров – 70 жаста

3 620 просмотра

1 маусымда Атырау мұнай және газ институтының ғимаратында журналистика ардагері, ҚР Журналистер одағы Атырау облыстық филиалының төрағасы Қуандық БАТЫРОВТЫ 70 жасқа толуымен құттықтады.

Біраз жасқа келгеніне қарамастан мерейгер әлі де тың, ширақ, республикалық «Сахара» газетінің бас редакторы әрі құрылтайшысы, ҚР Журналистер одағы Атырау облыстық филиалының төрағасы, «Салалық Мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлері кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Атырау облыстық филиалының төрағасы міндеттерін қатар атқарып жүр. Мерейгерді құттықтаған АтМжГИ ректоры Әли ӘБІШЕВ оған басқа міндеттерімен қоса «Қазақ, орыс және шет тілдері» кафедрасында студенттерді дайындаумен айналысуды ұсынып, Қуандық Батыровқа жоғары оқу орнының құрметті профессоры атағы берілгенін айтып өтті.

Қуандық Батыров журналистік еңбек жолын осыдан 30 жылдан астам уақыт бұрын Индер аудандық газетінде бастады. Бірнеше баспа басылымдарына басшылық етті, соңғы 10 жылдан бері республикалық «Сахара» басылымын басқарып келеді. Ол Қазақстанның еңбегі сіңген журналисі, Т.Амандосов атындағы байқаудың лауреаты, «Мәдениетке мәртебе» және «Атырау журналистикасының шежіресі» кітаптарының авторы. Әріптесіміздің 70 жылдығына орай «Қазақстан-Атырау» телеарнасы ол туралы деректі фильм әзірледі.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

2 маусым 2016, 16:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.