Атырау, 28 наурыз 18:38
 ашықВ Атырау 0
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Жеделдік үшін қосымша ақы

2 123 просмотра

Мен жеке бас куәлігімді жоғалтып алдым. Ал, қазір ол маған шұғыл қажет болып қалды, өйткені, біз пәтер сатып алу құжаттарын рәсімдеп жатырмыз. Бұрынғыша газетке құжаттардың жоғалғаны туралы хабарландыру беру және үй кітапшасын көрсету міндетті ме? Және куәлікті жедел түрде алу қанша тұрады?

Сауалға «Атырау облысы бойынша халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалының директоры Тұрлан НҰРЖАНОВ жауап берді:

– Хабарландыру беру міндетті емес, жеке бас куәлігінің жоғалғандығы туралы Сәтпаев, 23 мекен-жайында орналасқан біздің орталықтағы №28-ші бөлмедегі көші-қон полициясы бөліміне келіп арыз жазуыңыз керек. Ешқандай да қосымша құжаттар талап етілмейді. Куәлікті жеделдетіп беру (4 күн ішінде) 1 989 теңге, әдеттегідей беру – 420 теңге. Орталықтың өзінде-ақ бұл қызмет үшін ақы төлеп, суретке түсуіңізге болады.

2 маусым 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.