Атырау, 19 сәуір 13:39
 ашықВ Атырау +23
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Лизаға грант бұйыра ма?

2 120 просмотра

- №30 мектепте біздің балаларымызбен бірге бір сыныпта С.Қазыбаев атындағы №1 балалар үйінің тәрбиеленушісі Лиза САФРОНОВА оқиды. Ол өте жақсы оқиды, үнемі түрлі олимпиадалар мен жарыстарға қатысады. Біз ол қазақ тілінен пәндік олимпиадаға қатысушы ретінде тегін оқу грантын алу құқығына ие болады деп сенген едік. Алайда, бізге мектепте және балалар үйінің әкімшілігі оған грант берілмейтіндігін айтты. Не себепті берілмейтіндігін анықтап беріңіздерші.

azh.kz сайтынан

Сауалға С. Қазыбаев атындағы жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар үйінің директоры Сәния МУСИЕВА жауап берді:

– Лизаның мектептегі және мектептен тыс түрлі шараларға, олимпиадаларға белсенді түрде қатысқандығына қарамастан оған ЖОО гранты ешқашан бөлінген емес. Ол қазақ тілінен өткен республикалық олимпиадада 3-ші орынды жеңіп алды, жалпы білім беру гранттары тек 1-ші және 2-ші орындарды жеңіп алған қатысушыларға берілді. Лиза облыстық мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен өткен Абай оқуларында екінші орын алды, бірақ ол кезде грант туралы әңгіме қозғалған жоқ. Лиза - үздік оқушы, егер ол жоғары білімді Атыраудан алғысы келсе, оған жергілікті ЖОО түсіністікпен қарап, ректор грантын бөлген болар еді. Алайда, ол Алматыда журналист мамандығына оқығысы келеді.

2 маусым 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.