Атырау, 16 сәуір 10:57
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +20
$ 448.56
€ 478.03
₽ 4.79

Иманғали Тасмағамбетовтың қамауға алынғаны туралы ақпарат жоққа шығарылды

2 425 просмотра

ҚР Қорғаныс министрлігі өкілдері Иманғали Тасмағамбетовтың отставкаға кеткені және оның үй қамауына алынғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Соңғы күндері әлеуметтік желілерде қорғаныс министрінің үй қамауына алынғаны туралы хабарламалар жиі жазылып жүр. Дегенмен министрліктің баспасөз хатшысы Жанар Колбачева мәліметтің жалған екенін хабарлады.

"Әлеуметтік желілерде жарияланған бұл хабарламалар жалған. Айта кететін бір жағдай, Қылмыстық Кодексте азаматтардың құқығына қайшы келетін жалған ақпарат таратуға жаза, айыппұл қарастырылған. Ең бастысы - қазір бұл ақпараттың жалған екенін мәлімдегім келеді. Өткен аптада министрдің Сарыөзекке жұмыс сапарымен барғанын білесіздер, бүгін таңертең екі бірдей жиналыс өткізді", - деді Колбачаева телефон арқылы.

"Кез келген жалған ақпаратты тарату заңмен жазаланады. Біз кестеге сәйкес жұмыс істеп жатырмыз, бұл аптада KADEX болады", - деп қоса кетті ол.

Дереккөз: Тengrinews.kz

30 мамыр 2016, 16:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.