Атырау, 28 наурыз 21:38
 ашықВ Атырау 0
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

"Конституция мен кодексті өзгертпей қазаққа күн жоқ!", "«Белое солнце пустыни» фильміндегі тарихи оқиға — Алаштың Кеңеске қарсы күресі", "Жер комиссиясы. Үшінші отырыстан не түйдік?", "Жетпегені осы еді. Кәсіпкерлер де қазақ тіліне қарсы ма?"

1 973 просмотра

AZATTYQ.ORG. "Малшыға жайылымның тарлығы уайым" - Алматы облысында мал өсіретін шаруа жайылым тапшылығына шағынады. Жайылым туралы заң жобасында олқылықтар ескерілген дейді депутат.

"«Жер комиссиясында» қамаудағыларды да айтты" - «Жер комиссиясында» шетелдіктерге жалға жер берумен қоса қамаудағы белсенділердің жайы да сөз болды. Бірақ «қудалауды тоқтату» жайлы үндеу қабылдау ұсынысын комиссия елеусіз қалдырды.

"«Потемкин ауылының» Қырымдағы көрінісі" - Ресей өзіне қосып алған Қырымда жөндеуден өткен ауруханадағы жағдайды қоғамда көзбояушылықтың классикалық үлгісіне жататын «Потемкин ауылымен» салыстырады.

QAMSHY.KZ. "Жерді шетелге арендаға бермей-ақ инвестиция тартуға болмай ма?" - Үкімет жанынан құрылған Жер реформасы жөніндегі комиссияның үшінші отырысы өтті. Өткен сенбіден бері комиссия ішіндегі жұмыс топтары да өзара бас қосы, бірқатар мәселелерді сөз еткен болатын. Комиссияның үш отырысы өткенше, ай да аяқталды. Алайда, жерді сөз еткен 70 шақты адам әлі де нақтылыққа көше алмай отырған сияқты. Көптің наразылығын тудырған жер заңнамасындағы олқылықтарды нақты көрсетіп, оларды өзгертудің жолын іздеу орнына комиссия мүшелерінің дені әлі күнге жердің қадір-қасиеті, қазақ халқының дүниетанымында алатын орны туралы пәлсапалық ойларын тықпалаудан әрі аспауда.

"Артур Платонов Мұхтар Тайжанға жауап берді" - Өткен сенбіде Жер реформасы жөніндегі комиссияның үшінші отырысында комиссия мүшесі Мұхтар Тайжан депутат, «КТК» телеарнасындағы «Портрет недели» бағдарламасының жүргізушісі Артур Платоновқа ескерту жасап, одан телехабарларда жер реформасына қарсы наразылық білдірген азаматтарды қараламауды сұраған еді.

ULT.KZ. "Конституция мен кодексті өзгертпей қазаққа күн жоқ!" - Бүгін бізде жер дауы өршіп тұр. Әрине, ол экспортпен сырттан келген жоқ, өзімізге өзіміз істедік. Және оның кейінірек міндетті түрде туатынын біле тұрып, «асықпай жарылатын бомбаларды» сонау 2003 жылы Жер кодексін қабылдаған кезде, соның ішіне салып кеттік. Дәлел керек пе? Міне!

"Төлеген Талдыбаев: қабірді қирату діни сауатсыздықтан туындайды" - Соңғы кездері жастар арасында қабір мəселесіне қатысты дау жиілеп кетті. «Қабірге баруға болмайды, шариғатқа қайшы» деп насихаттайтын топтар елді дүрліктіріп жүр. Ал, өлген кісінің моласына зəулім сарай тұрғызатындардың мəселесі өз алдына. Жалпы, қоғамда сəні мен салтанаты келіскен қабір тұрғызу қаншалықты дұрыс? Ал, сол қабірді «ширк» деп қиратушылардың əрекеті қандай? Осы жəне өзге де мəселелер жайында белгілі дінтанушы Төлеген ТАЛДЫБАЕВПЕН əңгімелескен едік.

ABAI.KZ. "Жер комиссиясы. Үшінші отырыстан не түйдік?" - Сонымен, Жер реформасы жөніндегі мемлекеттік комиссияның Астанада өтіп жатқан үшінші отырысы да өз жұмысын аяқтады. Журналистерге арнап қойылған монитордан тікелей жүргізілген видеорепортаж көрсеткендей, бұл мәжілісте ең алдымен, бұған дейін құрылған жұмыс топтары жетекшілерінің атқарған істері жөніндегі алғашқы қысқаша баяндамалары тыңдалды. Сосын комиссия мүшелерінің біразы жерді шетелдіктерге жалға беру, яки бермеу жайындағы уәждерін аян етті.

"Қазақтың жер ұйығына көз тіккен кімдер?" - Толғағы әбден жеткен ЖЕР мәселесін сөз етпестен бұрын, Қазақ жеріне көз тіккендердің нақты кімдер екендігін біліп, олардың көзге көрінбейтін қожайындары нендей мақсатта мемлекет және ұлт қазынасына ғасырлар бойына қол сұққысы келгендіктерін тереңнен саралап алғанымыз жөн. Адам Ата ғ.с. мен Нұх пайғамбар ғ.с., қадымдағы ғұндар мен сақтар, көне түркілер, Алтын Орда мен Дешті Қыпшақ, байырғы Қазақ хандығы заманы сияқты тым әріге бармасақ та, небәрі үш жүз жыл бұрындағы «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламадан» бері қарай тартып бағамдасақ бірқанша өзекжарды мәселелердің жалы күдірейіп шыға келгеніне бек куә боламыз.

KAZ.365INFO.KZ. "Мұнай қымбаттаса да, теңге енді төмендей береді — сарапшылар" - Қазақстанға қуанатындай негіз жоқ: мұнай бағасының құлдырауы әлі өте жоғары деңгейде тұр. Қолданбалы экономиканы зерттеу орталығы (ҚЭЗО) мұнай нарығының ағымдағы жағдайы және оның болашақ дамуы жөніндегі баяндамасын жариялады.

"«Белое солнце пустыни» фильміндегі тарихи оқиға — Алаштың Кеңеске қарсы күресі" - 31 мамыр – Қазақстанда саяси куғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Шынын айту керек, саяси қуғын-сүргіннің көкесін қазақтар кеңес одағынан көрді. Қазақстандықтардың біреуі білер, біреуі білмес — атақты «Белое солнце пустыни» фильмінде Алаштың кеңес одағына қарсы күрес бейнеленеді.

"Жетпегені осы еді. Кәсіпкерлер де қазақ тіліне қарсы ма?" - Осы бізде бар ғой… Қазақстанда кәсіпкер болсын, билік өкілі болсын – барлығында бір жаман диагноз бар. Ол – өздерін Ұлы, өздерінен өзгені топас санау. Қит етсе өзінше «тәрбиелеуге», «ақыл айтуға» тырысып тұратын кәдімгі советтік ағартушылық мінез…

DALANEWS.KZ. "Шаханов мырза, Сіз сын сағатта тұрсыз!" - Бүгін Үкіметтің жанынан құрылған жер комиссиясының үшінші отырысы өтіп, олар жерді шетелдіктерге жалға беру-бермеу мәселесін талқыға салды. Ақпараттарға қарағанда, комиссия мүшелері өз пікірлерінде қалған. Бірінші отырысында жерді сату мен шетелдіктерге жалға беру мәселесін дауысқа салғанда 70 адамның 11-і ғана қарсы дауыс бергенін білеміз. Қазір сол 11 адамның ішіндегі ең белсендісі, «Алаш жолы» қозғалысының мүшесі Мақсат Ілиясұлы қамауда отыр. Қалған 10 адамның қаншауы сөзінен тайқып, райынан қайтқанын біз білмейміз.

QAZAQUNI.KZ. "Ғалым Боқаш. Саясатсыз салыстыру" - Стамбулдың 17 миллиондай халқы бар. Бір мэр, бір бас хатшы мен жеті орынбасары 26 департамент директорын жұмсап еркін басқарып отыр. Мэр қаланың аузы дуалы ақсақалдарынан бастап, еті тірі кәсіпкерлеріне дейінгі көзі қарақты жәмиғатын жақсы таниды. Жөнделіп жатқан жолдың, салынып жатқан үйдің есебін біледі. Қай мешітте қандай уағыз айтылатынынан, қай театрда қандай спектакль қойылатынынан қал-қадарынша хабардар. Назарына ілінбей қалған жайттарды әр сала бойынша орынбасарлары екібастан жетік біледі дегендей. Әлемдік ірі туризм орталығы саналатын, күн сайын ондаған мың саяхатшы қабылдайтын қаладағы динамикалық даму мен экономикалық өсу туралы айтпай-ақ қояйын.




30 мамыр 2016, 15:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.