Атырау, 25 сәуір 15:30
 ашықВ Атырау +21
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Бұл жерде жылқы емес, бекіре өсіріледі

5 261 просмотра


Балық шаруашылықтарын аралау барысында Атырау облысының әкімі Нұрлан НОҒАЕВ «Луговской конный завод» ЖШС АФ балық өсіру шаруашылығында болып қайтты.

Бас кеңсесі Жамбыл облысында орналасқан «Луговской конный завод» ЖШС бұрынғы «Атыраубалық» жүзбелі уылдырық зауытын сатып алып, іргелес жерді жалға алып, бекіре өсірумен айналысады. Шаруашылыққа көп жылдар бойы «Атыраубалықта» жұмыс істеген Әміржан ШАУДАНОВ басшылық етеді. Кәсіпорында 20 балық өсіруші маман жұмыс істейді. Олар салмағы 0,5 келіден басталатын орыс бекіресі тұқымының 30 мыңдай түрі бар 100 тор шарбаққа ауысыммен бақылау жасайды.

Бұл әзірге табиғи ортаға өте жақын жағдайда – Жайық өзенінде орнатылған арнайы тор шарбақтарда бекіре тұқымдастарды өсірумен айналысатын өңіріміздегі алғашқы шаруашылық,

Біздің жұмыс жасағанымызға бір жылдай уақыт болды. Әзірге бұл тәжірибелік жобаға ұқсайды, өйткені біздің жұмысымызда көптеген өзгешеліктер бар, соның ішінде, ауа-райы жағдайы, судың температурасы және т.б. Бұдан басқа жабдықтарды ретке келтіріп, цехтар құру керек. Балықтың бір бөлігі қажетті мөлшерге жетті, оны өңдеуге жіберуге болады. Балық майшабақтары Атырауға Жамбыл облысынан арнайы көліктермен әкелінеді. Біз оларды осы жерде көлемдеріне қарай сұрыптаймыз, өсіреміз. Олар тор шарбақтарда өздерінің алғашқы қыстарын өткізді, - деді кәсіпорынның бас балық өсірушісі Болат МҰХАДЖИЕВ.

Ә.Шаудановтың айтуынша, Жамбыл облысынан майшабақтарды бізге әкелудің машақаты көп болғанымен, бұл оларды осы жерде өндіргеннен арзандау. ЖШС жылына бес тонна уылдырық пен 200 тонна бекіре етін шығаруды жоспарлап отыр. Бірақ бұл ұзақ мерзімді болашақтағы жоспар. Келесі жылы уылдырықтың шағын партиясы алынатын болады.

Аға буын Атыраудың уылдырықпен және балық өнімдерімен даңқы шыққанын ұмытқан жоқ. Бізде бүгінде балық шаруашылығын қалпына келтіру және әрі қарай дамыту үшін бүкіл мүмкіндіктер бар. Атап айтқанда, балық өсіру шаруашылығын дамытатын боламыз. Бұл біздің өңіріміздегі жаңа бағыт деуге болады. Біздің міндетіміз – бизнесті дамыту үшін жағдай жасау, жаңа кәсіпорындар құру, - деп атап өтті облыс әкімі.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген автор
30 мамыр 2016, 15:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.