Атырау, 18 сәуір 13:27
 ашықВ Атырау +21
$ 448.89
€ 477.93
₽ 4.76

Иракта лаңкестер Чемпиондар лигасының финалын көріп отырған жанкүйерлерді өлтірген

2 023 просмотра

Фото: rsport.ruИракта төрт лаңкес Чемпиондар лигасының финалын көріп отырған мадридтік "Реал" футбол клубының 12 жанкүйерін өлтірген, - деп хабарлайды Тengrinews.kz агенттігі "Р-Спорт" басылымына сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, лаңкестік әрекет Бағдат қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 50 шақырым жердегі Бакуба қаласында болған. Лаңкестер матч өтіп жатқан жерге баса көктеп кіріп, автоматпен ата бастаған. Алғашқы мәлімет бойынша, 12 адам қаза тауып, ал сегіз адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Басқа дереккөздерінің мәліметінше, бес адам қаза тауып, төрт адам жарақат алған. Қаза тапқандардың жасы 18-30 аралығында.

Шабуыл жасаған лаңкестер оқиға орнынан жасырынған, ешқайсысын ұстамаған. Ел билігі бұл атысты лаңкестік ДАИШ ұйымының ісі деп отыр. Осы айда осыған ұқсас ланкестік әрекеттердің нәтижесінде Бакуба қаласында өткен футбол матчында 16 адам қаза тапты, олардың 12-сі "Реал" футбол клубының жанкүйерлері, тағы 20 адам жарақат алған.

Дереккөз: Тengrinews.kz

30 мамыр 2016, 09:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.