Атырау, 29 наурыз 16:38
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Атыраудағы жапырақ жегі: жалмап жайпап, тез көбейеді

5 868 просмотра

Редакцияға Атырау тұрғыны хабарласып, теректерден, дәлірек айтқанда, қарағаш жапырақтарын аяусыз жалмап жатқан белгісіз жәндіктерді көргенін айтып, қоңырау шалды.

Біз қала көшелерін тексеріп шықтық, шынымен де күңгірт жасыл түсті құрттар тізбегі қарағаштарға орнығып, өлі жапырақтар төсемін қалдырып жатыр екен.

Біз жүгінген мамандар осы құрттардан жапырақ жегілерді (Chrysomelidae) - қатты қанаттылардың ірі тұқымдасына жататын өкілдерінің бірін таныды. Олар Атыраудағы жасыл-желектерге алғаш рет зиянын тигізіп отырған жоқ. Әсіресе, күй талғамайтын қарағашқа ауыз салған.

Республикалық фитосанитарлық диагностика орталығы филиалының агроном-энтомологы Нұрзила АБДУЛОВАНЫҢ айтуынша, екі ай бұрын олар әріптестерімен бірге мониторинг өткізіп, ағаш қабығы пен жапырағынан жапырақ жегінің жұмыртқаларын тауып, тиісті органдарға дабыл парақтарын таратқан. Алайда ауыл шаруашылығы басқармасынан да, қалалық ТКШ бөлімінен де қонымды жауап ала алмаған. Ал жапырақ жегілер тез қарқынмен көбеюде, бір аналық 200-ге дейін дернәсіл шығарады.

Бір ай бұрын қала әкімінің орынбасары Әділбек ЗАЙДУЛЛИН редакцияның сауалына жауап бере отырып, жас көшеттердің зиянды организмдерге төзімділігін арттыру үшін қалалық бюджеттен 40 млн теңге бөлінгенін хабарлады. Мердігер тендер өткізілгеннен кейін анықталады, осыдан кейін жәндік жоятын препараттармен өңдеу басталады.

Дегенмен, дернәсілдер бәрін жалмап, қоңызға айналып, ұзақ ұйқыға кетпес бұрын едәуір ертерек бастау керек еді. Олай болмаған жағдайда ақша желге ұшатын болады.

Марат ТАКУЛИН

Суретті түсірген автор

27 мамыр 2016, 16:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.