Атырау, 29 наурыз 10:30
 ашықВ Атырау +10
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

"Кешегі жер дауы тіл мәселесінен туындап отыр ма? Мамандар пікірі", "Бас прокуратура: митинг ұйымдастырушылардың мақсаты - билікті басып алу", "Берік Әбдіғали: соңғы шешімді парламент айтады", "Ермек Тұрсынов: «Біздің жүйкеміз тозған»"

2 273 просмотра

AZATTYQ.ORG. "Белсенділер қамалғандарды босатуды талап етеді" - Жер реформасына қатысты рұқсат етілмеген жиын өткізуге шақырды деген айыппен 15 тәулікке қамалғандар саны 30-ға таяды. Алматыда бір топ белсенді ұсталғандарды қорғау үшін «Араша» ұйымын құрды.

"AzattyqLIVE: Жер дауы қалай жалғасып жатыр?" - Жер реформасы жөніндегі комиссия жұмысымен қатар, соңғы күндері Астана, Шымкент, Алматы қалаларында тұрғын үй салуға жер сұраған ондаған адамдардың кезегі пайда болды. Олар жергілікті әкімдіктерге барып, арыздарын өткізді.

QAMSHY.KZ. "Бас прокуратура: митинг ұйымдастырушылардың мақсаты - билікті басып алу" - Қазақстанның Бас прокуратурасы елде заңсыз митингілер өткізу әркеттері жайлы мәлімдеме жасады.

"«Қазақ тілін меңгермеген кәсіпкерлердің білім саласына қатысты пікір айтуға құқығы жоқ!»" - Үш тілі оқыту жүйесін қолдаған кәсіпкерлер қазақстандықтарға, балаларының болашағына алаңдап отырған ата-аналар қауымына үндеу жолдапты. Айдын Рақымбаев, Айгүл Жайлаубекова, Андрей Лаврентьев, Анатолий Побияхо, Арманжан Байтасов, Бауыржан Жамалов, Берік Қаниев, Ғалымжан Есенов, Гауһар Қапарова, Дәурен Жақсыбек, Елдар Әбдіразақов, Ерлан Қожасбай, Исламбек Сальжанов, Кеңес Рақышев, Мехмет Кемаль Четинелли, Махмуд Шадиев, Марат Шотбаев, Сидик Хан, Талғат Ахсамбиев, Тұрсен Алагөзов есімді бірнеше бизнесмен Білім және ғылым министрлігі ұсынып отырған үш тілде оқыту жүйесін қызу қолдайтындарын айтып отыр.

ZHASALASH.KZ. "Қудалауды тоқтатыңыз!" - Митингiге дейiнгi бiр­не­ше күн­нiң iшiнде ондаған белсендi тұт­қын­да­лып, абақтыға қамалды, оның iшiнде оралдық бард Жанат Есентаевқа, атыраулық қоғам қайрат­кер­лерi Макс Боқаев, Талғат Аян, Сағынғали Қапизов, Ғатауғали Боқан және Ерлан Башақовқа қарсы қылмыстық iстер қозғалды. Оларға әлеуметтiк және ұлттық алауыздықты қоздырды, жаппай тәртiпсiз­дiктер ұйымдастыруды көздедi деген ауыр айыптар тағылуда. “Накануне" сайтының редакторы Гузяль Байдалинова түрме жазасына кесiлдi.

"Әпенде" - Қартайып қалды дейiн десең, алпысқа да iлiкпеген. Шаршап жүрген шығар деуге тағы келмейдi, апырып-жапырып тындырған түгi жоқ. Бiрақ неге екенiн кiм бiлсiн, кейiнгi кезде Арыстанбек Мұхамеди­ұлы ауып сөйлеп жүр. Соңғы төрт-бес күннiң iшiнде ғана тiлiнен бiрнеше мәрте сүрiнiп, досқа күлкi, дұшпанға таба болды. Тiптi оның еш ойланбастан аузына келгендi лақ еткiзетiн әдетi қазақты былай қойғанда, қырғыз ағайындардың да ашу-ызасын туғызып жатыр. Демек Мәдениет министрiнiң өзiне ғана тән “сөз мәйегi" ел iшiне сыймай, шекара асып кеттi деген сөз.

ULT.KZ. "Сирияда соғысып жүрген қазақтар — шын «жиһадшылар» ма?" - Қазақстаннан Сирияға аттанған отбасылар саны 200-ге жуықтайды. Салыстырмалы түрде, көршілес Қырғызстаннан кеткен отбасылар саны бес жүздің маңайында. Ал Тәжікстаннан аттанған отбасылар саны мыңнан асып отыр. Әйел, бала-шағасын ертіп, тұманды идеологияның артынан ит арқасы қиянға барып қан төгуге не себеп? Біреулер Құдайға деген сенім десе, біреулер – сауатсыздықтың салдары дейді.

KAZ.365INFO.KZ. "Кешегі жер дауы тіл мәселесінен туындап отыр ма? Мамандар пікірі" - Біздің қоғамда мемлекеттік тілдің дамуына түрлі кедергі бар. Соның ең бастысы — саяси элитаның мемлекеттік тілді білуге келгенде салғырттық танытуы. Мемлекеттік тілдің дамуына әсер етіп отырған осы және басқа да теріс факторлар жайында пікір білдірген мамандар не дейді?

ABAI.KZ. "Берік Әбдіғали: соңғы шешімді парламент айтады" - Үкіметтің жерді сату және шетелдіктерге жалға беру туралы бастамасына жалпы халықтық қарсылық болған соң, Мемлекет басшысы мораторий жариялап, жер мәселесімен тікелей айналысатын қоғамдық комиссия құрғанын білесіздер.

"Мұхтар Кәрібай. Тозақ оттары жымыңдайды" - Осынау кең дүниеде адам баласы жаратылып, алдымен топ болып, одан тайпаға бірігіп, өсе, көбейе келе ұлтқа, ұлысқа айналған замандардан бері олардың әртүрлі себептермен бәсекеге, таласқа түсіп, бір-біріне өштесіп жауласуының салдарынан тозақ оттарына өртенбегені кем де кем. Соның ішіндегі ең басты себеп – өмір сүру кеңістігін кеңейту мұқтаждығынан туындайтын Жер үшін, оның асты, үсті байлығын иемдену мүддесі үшін болып келгені мәлім.

DALANEWS.KZ. "Ермек Тұрсынов: «Біздің жүйкеміз тозған»" - Елдегі ахуал мазасыз. Мұның арты қалай аяқталарын ешкім білмейді. Биліктің бұқарамен сөйлескісі жоқ. Кіммен сөйлесуі керек? Оппозицияның басын алған, зиялы қауымға алақан жайғызып қойған. Ресми ақпарат құралдарына ешкім сенбейді. Сауатты, байсалды пікір айтар ешкім жоқ. Есесіне айғай-сүрең, қорқыту мен үркіту басым.



27 мамыр 2016, 14:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.