Атырау, 25 сәуір 18:46
 ашықВ Атырау +17
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Елена Приданованың «қайта тірілуі»

2 331 просмотра

Атырау қалалық соты баспанасыз қалған отанасы Елена ПРИДАНОВАНЫҢ қайтыс болғандығы туралы куәлігінің күшін жойды. Біз ол туралы жыл басында жазған едік.

Көп жылдар бойы Елена мен оның азаматтық жұбайы Николай ОРЛОВ бөгде адамдарға жұмыс істеп, олардың шаруашылығына күтім жасаған. Ата-аналарының да, балаларының да жеке бас куәліктері жоқ. Билікке де, дәрігерлерге де ешқашан бармаған. Желтоқсанның басында олар уақытша тұрып жатқан жұмыс берушілерінің үйі өртеніп кетті. Ал отбасының тарихы олардың көршілері Мұхамметдиннің арқасында жұртшылыққа мәлім болды.

Істің мән-жайын анықтау үшін қалалық әкімдікте комиссия құрылып, оған қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАЖ бөлімінің басшысы, Атырау қалалық әкімдігі ТКШ бөлімінің тұрғын үй секторының меңгерушісі, қамқорлық органдарының, ҚІІБ өкілдері, Еркінқала селолық округінің мамандары мен медиктері кірді.

Анасын балаларымен бірге әйелдерге арналған дағдарыс орталығына, ал отағасын белгілі бір мекен-жайы жоқ тұлғаларға арналған әлеуметтік бейімдеу орталығына орналастырды. Билік бүкіл отбасына құжаттарды дұрыстауға, ал ересектерге жұмыс тауып беруге уәде берді.

Алайда Елена Приданова ресми түрде 2010 жылдан бастап қайтыс болды деп танылғандықтан жағдай қиындады. Елена ұзақ уақыт бойына Атырау облысындағы селолық округтердің бірінде тұрып, сол жерде жұмыс істеген. Көп жылдар бойына туыстарымен хабарласпаған. Жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу кезінде әйелдің туыстары фотосуреттер бойынша бөгде әйелдің мүрдесін өз туыстары Елена деп қате таныған. Кейінірек жиені Приданованың қайтыс болғандығы туралы куәлік алады. Өз құқығын қалпына келтіру үшін әйел өлгендігі туралы акт жазбасының күшін жою туралы Атырау қалалық сотына арызданады.

- Әйелдің туыстарының бәрі сот отырысы залында оны өз апалары және тәтейлері ретінде таныды. Сөйтіп, бүкіл жинақталған дәлелдер бойынша Приданованың талаптарын сот қанағаттандырды, оның өлгендігі туралы акт жазбасының күші жойылды, - деп хабарлады Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

Зульфия ИСКАЛИЕВА
27 мамыр 2016, 11:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.