Атырау, 16 сәуір 09:25
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +20
$ 448.56
€ 478.03
₽ 4.79

Путин Джон Элтонмен гейлер құқығын талқылауға кездеспейді

1 301 просмотра

Ресей президенті Владимир Путин Ресейге сапарлап келетін британдық поп әнші Элтон Джонмен (суретте) "жұмыс кестесі сәйкеспейтіндіктен" кездеспейтінін мәлімдеді Кремльдің баспасөз қызметі,- деп хабарлады Азаттық.

Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтің айтуынша, Путин бұған дейін Джон Ресейдегі гейлер құқығына қатысты мәселелерді талқылау үшін өзімен кездесуді сұраған соң кездесуге дайын болған.

"Егер жұмыс кестесі сай келсе, кездесу болады деген келісім болғаны рас. Өкінішке орай, бұл жолы кездесу болмайды.... Олардың жұмыс кестесі бір-біріне келіңкіремейді. Бірақ бұл кездесу келесі, басқа кезде де болмайды деген сөз емес" деді Песков.

Путин 2013 жылы кәмелетке толмағандар арасында гомосексуализмді насихаттауға тыйым салатын гейлерге қарсы даулы заң қабылдаған.

Өзінің гей екенін жасырмайтын Джон 30 мамырда әлемдік туры аясында Мәскеудегі таңдаулы сауда ойын-сауық орталығында концерт бермек.

Путин 27 мамырда Грекияға барып, 28 мамырда осы ел премьер-министрі Алексис Ципраспен кездеседі және православ христиандарының киелі жерлеріне барады.

Дереккөз: Аzattyq.org

27 мамыр 2016, 10:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.