Атырау, 23 сәуір 19:55
 ашықВ Атырау +16
$ 445.66
€ 474.58
₽ 4.78

Армения: Таулы Қарабақ келісімі орындалып жатыр

2 141 просмотра

Армения қорғаныс министрі Сейран Оханян (суретте) Армения қарулы күштері мен Таулы Қарабақтағы этникалық армяндар таяуда Армения мен Әзербайжан президенттері Венада жасасқан келісімді орындап отырғанын мәлімдеді,- деп хабарлады Азаттық.

Әзербайжан мен Армения президенттері Ильхам Әлиев пен Серж Саргсянның арасында 16 мамырда жасалған келісім Таулы Қарабаққа қатысты бейбіт келіссөзді қайта бастау үшін әлсіз бітімді күшейту үшін жасалған. Венадағы кездесуде Әлиев пен Саргсян келісімнен өзге Таулы Қарабақта Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) бақылау миссиясы санын көбейтуге уағдаласқан. Таулы Қарабақта қазір ЕҚЫҰ-ның алты бақылаушысы ғана бар.

Армения сыртқы істер министрі Эдвард Налбандян 26 мамырда ЕҚЫҰ-ның іс басындағы төрағасы өкілі Анджей Каспршикпен кездескен.

Әзербайжан сыртқы істер министрі Эльмар Маммадьяров 31 мамырда Брюссельде ЕҚЫҰ-ның келісімге ара ағайындық жасаушы өкілдерімен кездеседі. Ал Налбандян ЕҚЫҰ өкілдерімен 2 маусымда Парижде кездеседі.

Дереккөз: Аzattyq.org

27 мамыр 2016, 10:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.