Атырау, 25 сәуір 17:18
 ашықВ Атырау +21
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Байкерлер жорыққа шықты

Сурет
2 587 просмотра

Image 0

27 мамырда жалпыұлттық «Қазақстан 2050» қозғалысы мен «Wheels Brothers MC» мотоклубы белсенділерінің бастамасымен «Менің елім Моя страна» атты үшінші мәрте мотожорық басталды.

Мотожорық бағыты Қазақстанның 20 қаласы: Атырау, Орал, Ақтөбе, Байқоңыр, Қызылорда, Түркістан, Шымкент, Алматы, Үшарал, Зайсан, Өскемен, Семей, Павлодар, Астана, Зеренді, Қостанай бойынша өтеді. Мотоциклшілер осы бағытты 16 күн ішінде өтуді жоспарлап отыр. Жолдың ұзындығы – 8,5 мың км. Атыраудан 5 байкер шығады, Орал мен Ақтөбеден оларға достары қосылады. Ал Қостанайда олардың барлығы биыл өтетін «Жібек жолы» байк-фестивалына қатысады. Ол жерде еліміздің бүкіл белсенді мотоқоғамдастықтары жиналады. Оған қатысушылармен бірге біздің жігіттер Астанаға дейін барады.

- Бір кездері Алматыға дейін қыдырып келу ниетімізден осы бастамаға бүкіл елдің энтузиасттарын тарту, қалаларды аралау, танысу, достасу, экологиялық және экстремалдық туризмді арттыру идеясы туындады. Алғашқы жорық 2014 жылы өтті, сол кезде бізге Атыраудың автоәуесқойлар қоғамдастығы қосылды. Біз 7,5 мың км-дей өттік. Екінші жылы біздің қозғалысымызды жалпыұлттық «Қазақстан 2050» қозғалысы қолдады. Өз жорығымызды біз Қазақстан халқы ассамблеясының 20 жылдығын тойлауға орайластардық. 22 күн ішінде 11,5 мың км жерді жүріп өттік. Әр қалада бізді қарсы алып, сұхбат алды. Осылайша идея біз үшін де, жалпыұлттық қозғалыс үшін де жаңа маңызға ие болды, - деп әңгімелейді «Wheels Brothers MC» Атырау мотоклубының көшбасшысы Олег ШМАЛЬ. Екі жыл қатарынан байкерлердің бастамасын «Қазмұнайгаз» компаниясы қолдаған еді. Бұл жолы жігіттер өз қаржыларымен барады. Бірақ жолда оларға достары көмектеседі.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген автор

26 мамыр 2016, 20:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.