Атырау, 20 сәуір 12:11
 ашықВ Атырау +32
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

"Қазақстанды Қытаймен қорқыту АҚШ-тың ісі ме?", "Министрдің сөзіне қырғыздар ренжіді, қазақтар ұялды", "Айтматовта нең бар едi, Арыстанбек?!", "«Бес зейнеткердi сегiз полицей әкелдi»", "БҒМ ұсынған реформа Елбасы тұжырымымен үйлесе ме?"

1 962 просмотра

QAMSHY.KZ. "Қазақстанды Қытаймен қорқыту АҚШ-тың ісі ме?" - Астанада Ұлы Жібек жолы елдерінің «Қуат, ресурстар және тұрақты даму» тақырыбындағы форумы өтті. Форумға тәуелсіз сарапшы ретінде қатысқан Ермек Ниязов Жібек жолын жаңғырту идеясы дәл қазіргі уақытта, елімізде болып жатқан жағдайларға және осыдан үш жыл бұрынғы Украинаның ахуалымен тікелей байланысты деп есептейді.

"Мұхтар Тайжан: 1083 адамды тұтқындаған полиция өз істеріне жауап беруі тиіс" - Үкімет жанындағы Жер комиссиясы құқықтық жұмыс тобының жетекшісі Мұхтар Тайжан 21 мамыр күні республика бойынша мыңнан астам адам ұсталған мәлімдеді.

AZATTYQ.ORG. "Ресей түрмесіндегі Савченкодан өзге украиналықтардың тағдыры белгісіз" - Украиналық әскери ұшқыш Надя Савченко Ресей түрмесінен босатылып, Киевке оралды. Қаһарман қызды қарсы алып қуанып жатқанымен, украиналықтарды Ресей түрмесінде жатқан басқа отандастарының тағдыры да алаңдатады.

"Министрдің сөзіне қырғыздар ренжіді, қазақтар ұялды" - Ресейдегі қырғыз мигранттары жайлы сөзі дауға ұласқан Арыстанбек Мұхамедиұлының кешірім сұрағаны хабарланды. Оның сөзін «жоғарғы эшалондағы саясаткердің өресі» деп сипаттаушылар да бар.

ZHASALASH.KZ. "Айтматовта нең бар едi, Арыстанбек?!" - Мәдениет және спорт министрi Арыстанбек Мұхамедиұлының Астанадағы халықпен кездесуi Бiшкекте Қырғызстанның Қазақстан­ға наразылық нотасын тапсырумен жалғасты. Осылайша, президент Нұрсұлтан Назарбаевтың көп мақтап, зор үмiт күткен бес институционалды реформасының жүзеге асу жолы Құдай қосқан көршi, ағайын, бауыр халықтың қабағына кiрбiң түсiрумен басталды.

"«Бес зейнеткердi сегiз полицей әкелдi»" - 21 мамыр күнi Сары­арқа кинотетарының артындағы саябақта “Ардагерлер ұйымы" республикалық қоғамдық бiрлестi­гiнiң Әуезов ауданы бо­йынша филиалы салауатты өмiр салтын насихаттауға бағытталған iс-шаралар өткiзуi тиiс едi. “Спорттық шараға келi­ңiз" деп шақырту алған адамдар iлби басып “күн көсем" бастаған бiр­не­ше адамның тас мүсiнi топтасқан алаңға беттеген. Бiрақ мұздай қаруланған күштiк құрылымның өкiл­дерi саябаққа баратын жолға саптай тiзiлiп тұ­рып алыпты. Зейнет жасындағы аталар мен әже­лердiң “жолымызды неге бөгейсiңдер?" дегенiне ешкiм құлақ асқан жоқ. Капитан шенiндегi тәртiп сақшысы ешқандай да iс-шараның болмайтынын айтты. Жиналған көпшi­лiк­тiң қарасын өзiнiң жеке шаруасымен жүргендер мен саябаққа қыдырыстауға келгендер де кө­бейт­тi.

ULT.KZ. "Ұлттың үнжариясының үнін өшіру кімге керек болды?" - Қазақ радиосының журналистері атынан белгілі радиожурналист Жанар Оразымбеттің «Facebook» парақшасында радионың директоры Мақат Садық мырзаға арналған жазба пайда болды.

"Халық заңды түсінбей ме, әлде билік түсіндіре алмай ма?" - Ауыл шаруашылығында кооперативтер құру туралы тапсырманы Президент Н.Назарбаев өзінің «Қазақстандық жол – 2050» атты Жолдауында берген еді. Оның құқылық негізі болатын заң да қабылданған.

ABAI.KZ. "Ұлттық бақ жүйесін модернизациялау – уақыт талабы" - Еліміз үшін ерекше маңызды сала – ақпарат және коммуникация саласына Мемлекет Басшысы Н. Ә. Назарбаевтың көңіл бөліп, арнайы мемлекеттік уәкілетті орган – Ақпарат және коммуникациялар министрлігін құру туралы шешім қабылдауы – жаңа реформаларға жол ашатын маңызды қадам деп есептейміз. Өйткені адамзат қоғамдастығы ақпараттық қоғамға өту, желілілік коммуникациялардың кең таралуы жағдайын бастан кешіп отырған қазіргідей қарқынды сапалық өзгерістер (трансформация) кезеңінде еліміздің аталған саласын соған сай құру және ХХІ ғасыр талабы алдымызға тартатын ықтимал сұраныстарды (вызов) ескеру әрі еңсеру – айрықша жауапты да өзекті міндет.

"БҒМ ұсынған реформа Елбасы тұжырымымен үйлесе ме?" - ҚР Парламенті Сенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлы бүгін (26.05.2016 ж) палата отырысында Үкімет басшысына еліміздегі үш тілді білім жүйесіне көшуге байланысты депутаттық сауал жолдады. Мұрат Бақтиярұлының депутаттық сауалын Сенаттағы бір топ әріптестері қолдады.

SN.KZ. "Әйгілі миллиардер қазақтарға шетел күшіне көп жүгінбеуге кеңес берді" - Әлемдегі ең дәулетті адамдардың бірі, қытайлық Alibaba Group компаниясының негізін қалаушы миллиардер Джек Ма Қазақстан басшыларына елде шағын кәсіпкерлікті дамытуға кеңес берді.

DALANEWS.KZ. "Педиатрлар қайда жоғалды?" - Бұл мәселені қозғамай-ақ, тыныш жатсам болар еді. Менің жасыма жеткен әріптестерімнің көпшілігі «үндемесең, үйдей пәледен құтыласың» деген тәсілді жақсы пайдаланады. Бірақ қазақ медицинасындағы кемшіліктерді көргенде орнымда отыра алмаймын. Медициналық оқу орындарында педиатриялық факультеттер жабылғалы отандық медицинаның жалпы жағдайы құлдырап кетті. Педиатрлар неге қажетсіз болып қалды? Оларды санаттан шығарып тастауға кім пәрмен берді? Дәрігерлердің және ата-аналардың ойында жүрген ең басты сауал осы.

QAZAQUNI.KZ. "Қазақ радиосының “Алтын қоры" сауда алаңына айналып бара ма?" - Махат Садық қазіргі жиналыста бюджетті, яғни біздің алып отырған ақшамызды радионың кеңсесінің 3-4 этажына арендаға адамдар жіберіп жауып отырғанын айтты. Біздің жалақымыз жылдың басында үкіметтің ұйғаруымен бюджет ретінде жылдың аяғына дейін есептеліп қойылады емес пе? Ал арендаторлардан түскен ақшамен жалақы беру деген жалған сөз екені рас қой. Ол ақша қалай жұмсалып жатыр?



26 мамыр 2016, 15:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.