Атырау, 19 сәуір 23:09
 ашықВ Атырау +27
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Таза ауадағы әскери ойындар

5 101 просмотра

Image 016-20 мамырда облыстық білім беру басқармасы басшысының бұйрығымен облыс мектептеріндегі оныншы сыныптардың және колледждердегі екінші курстың жеті мыңнан астам оқушылары алғашқы әскери дайындық бойынша бес күндік оқу-дала жиынына қатысты.

Бозбалалар мен бойжеткендер саптық даярлық, ату, жергілікті жерде бағдар ала білу және жаралыларға көмек көрсету бойынша жаттықты. Жиындар Индер ауданындағы «Жас Өркен» сауықтыру орталығының және Атырау қаласының, Исатай, Мақат және Қызылқоға аудандарының мектеп жанындағы лагерьлерінің базасында өтті.

Аймақтық дене тәрбиесін дамыту орталығының алғашқы әскери дайындық кабинетінің жетекшісі Нұрлан ЕЛЕУОВТЫҢ айтуынша, балаларда оңтайлы күн тәртібі болған: таңертеңгі сағат 7-де тұрады, жүгіреді, таңғы астан соң сап түзеп жүреді, практикалық сабақтар өтеді, сайысады, түстен кейін демалады, теориялық білім алады және т.б.

– Оқушылар интернат нормасы бойынша үш мәрте тамақтанумен қамтылды, - деп хабарлады Н.Елеуов. – Таңертең ұнтақ ботқасы, сары май, шай, нан; түскі асқа борщ, флоттық үлгідегі макарондар және үй лапшасы, компот, нан; кешкі асқа қарақұмық ботқасы, шай, повидло мен нан берілді.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Сурет Н.Елеуовтікі

26 мамыр 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.