Атырау, 23 сәуір 15:54
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 445.66
€ 474.58
₽ 4.78

Оқиғалар тізбегі

2 297 просмотра

Құлсары қаласында биылғы жылдың наурызында «Гелиос» жанармай құю бекетінің жанында орын алған тонау қылмысы туралы іс бойынша екі сотталушыға үкім шығарылды. Ұстау кезінде полицияға қарсылық көрсеткен олардың бірі ҚР ҚК-нің 191-бабының 1-тармағы бойынша («Тонау») және 380-баптың 1-тармағы («Билік өкiлiне қатыс-ты күш қолдану») бойынша 2 жылға бас бостандығынан айырылу жазасына кесілді. Екіншісі 380-баптың 1-тармағы бойынша 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасын алды.

***

Атырау-Доссор трассасында полиция қызметкерлері «Приора» көлігін тоқтатып, жүксалғыштан 48 келі жаңа ауланған бекіре балығының етін тапты. Балық 37 жастағы көлік жолаушысына, Доссор поселкесінің тұрғынына тиесілі екен. Тергеу жүргізілуде.

***

Құлсары қаласында учаскелік полиция инспекторы «Газельге» ұрланған болат тұрбаны тиеп жатқан кезде қылмыс үстінде төрт жергілікті тұрғынды ұстады. Тергеу жүргізілді.

***

Су полициясының қызметкерлері «Бекіре» операциясының барысында Атырау-Дамбы трассасында «Нива» көлігін тоқтатып, жүксалғышынан ілеспе құжаттарсыз 240 келі сазанды тапқан. Балық Жаңаталап поселкесінің 47 жастағы тұрғынына тиесілі екен. Тергеу жүргізілуде.

***

Наурызда «Алматы-Атырау» пойызында сөмкесіндегі гашишпен ұсталған әйелге үкім шығарылды. Мақат аудандық сотының баспасөз қызметінің хабарламасы бойынша, ол ҚР ҚК-нің 296-бабының 2-тармағы («Есiрткi заттарды өткізу мақсатынсыз заңсыз иемдену, сақтау, тасымалдау») бойынша кінәлі деп танылып, 30 АЕК мөлшерінде, яғни, 63 630 теңге айыппұл төлеу жазасын алды.

26 мамыр 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.