Атырау, 19 сәуір 09:09
 ашықВ Атырау +30
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Лицензиясыз спирттік ішімдік...

2 429 просмотра

Тиісті лицензиясыз алкоголь сатқаны үшін дүкенге 53 мың теңге айыппұл салынды.

Қызылқоға аудандық мемлекеттік кірістер басқарма-сының қызметкерлері Миялы се-лосындағы дүкенге тақырыптық тексеру жүргізу кезінде лицензиясыз саттыққа шығарылған алкоголь өнімін тапты.

– Кәсіпкерге сот шешімімен алкоголь өнімін тәркілеумен қатар 25 АЕК мөлшерінде (53 025 теңге) айыппұл тағайындалды, – делінген Қызылқоға аудандық сотының баспасөз қызметінің хабарламасында.

...Және рұқсатсыз діни әдебиет сатқаны үшін айыппұл салынды

Атырау қалалық мамандандырылған әкімшілік соты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 490-бабының 1-бабының 3-тармағы («ҚР діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзу») бойынша іс қаралды.

Облыстық соттың баспасөз қызметінің мәліметтері бойынша, «Подарки» дүкенінің директоры арнайы рұқсатсыз діни әдебиеттерді сатумен айналысып, осылайша «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» ҚР заңын бұзған. Оған 74 мың теңге мөлшерінде айыппұл тағайындалды.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

26 мамыр 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.