Атырау, 20 сәуір 05:30
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Күдікті ұнтақ

2 219 просмотра

Қала базарларында түрлі сауда таңбасымен сатылатын кір жуғыш ұнтақтардың сапасының төмендеп кеткендігін айтқым келеді. Жуылған киімдерімізде дақтар мен жағымсыз иістер қалып қояды. Жақында радиодан Волгоград қаласында Роспотребнадзор жалған кір жуғыш ұнтақ өндіретін жасырын зауытты анықтағандығын хабарлаған еді. Бәлкім сол ұнтақтар біздің базарларда сатылып жатқан болар?

Настя

Сауалған облыстық тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің басшысы Өмірзақ ЗИНУЛЛИН жауап берді:

– Атырау облысы тұтынушылар құқығын қорғау департаменті өнімдердің қауіпсіздігіне жүргізілген мониторинг аясында түрлі тауарлар мен тамақ өнімдеріне сынақ жүргізеді. Қауіпсіздікті дәлелдеу мақсатында тұрмыстық химия өнімдеріне де санитарлық-гигиеналық бағалау жасалады. Өнімнің жалғандығын зерттеу тауарларға қойылатын Бірыңғай санитарлық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптармен реттелмейді. 2015 жылы департамент «Миф», Тide, Losk және басқа да сауда таңбалары бар кір жуғыш ұнтақтарға 54 сынама жүргізді. Жүргізілген санитарлық-эпидемиологиялық сараптама нәтижелері бойынша Кедендік одақтың техникалық регламенттеріне және Бірыңғай санитарлық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарға сәйкессіздік анықталған жоқ. Сонымен қатар басқа да тұрмыстық химиялық тауарлар, айталық сабындар, ыдыс жууға арналған тазалағыш құралдарға жүргізілген 133 сынаманың 22-сі сәйкессіздікті көрсетті, оның ішінде таңбалау талаптарына сәйкес келмеген 19 жағдай, ал, салмағына қатысты 5 жағдай анықталды. Мониторинг қорытындысы бойынша талаптарға сай келмейтін аталмыш тауарларды сататын кәсіпкерлік субъектілеріне ұйғарымдар жолданды. Ұйғарымдардың орындалуын тексеру нәтижесі бойынша Атырау қаласы және Индер ауданының кәсіпкерлеріне қатысты екі материал әкімшілік сотқа жіберілді. Сот қаулысының шешімімен кәсіпкерлік субъектілеріне 100 МРП (1 МРП = 2 121 теңге) көлемінде айыппұл салынды.

26 мамыр 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.