Атырау, 20 сәуір 09:52
 ашықВ Атырау +32
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Қауіпсіз жерге көшірілгендер кешке мектепте түнейді

2 289 просмотра

Сурет "АЖ" мұрағатынан алындыРесми мәліметтер бойынша, Атырауда суға кеткен үйлерден 26 адамнан тұратын 8 отбасы қауіпсіз жерге көшірілді.

23 мамырға қарай нөсер жауын салдарынан 28 үй суға кетті, суды тартып шығаруға 568 өтініш түсті. Қауіпсіз жерге көшірілген отбасыларды №12 мектептен №30 мектепке орналастырды. Төрт отбасына: жүкті әйел үшін, екі мүгедек пен ауруханадан енді ғана емін алып шыққан қария әжей үшін еріктілер пәтер жалдады.

Күндіз тұрғындар су тартып шығару үшін вакуумдар күтіп, көп уақыттарын өз үйлерінде өткізеді. 48 вакуум мен жеті мотопомпа жұмыс істейді. Арнайы техника жетіспейді. Ал, жеке фирмалар өз жұмыстары үшін жоғары баға сұрайды. Қала әкімінің орынбасары Гүлмира ШӘКІРОВАНЫҢ айтуынша, еріктілер көп көмектесуде. Сонымен қатар, қала тұрғындары да қажетті заттар әкеліп жатыр.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

25 мамыр 2016, 17:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.