Атырау, 25 сәуір 03:10
 ашықВ Атырау +20
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Телефон лаңкесі мас болған

2 796 просмотра


Атырау қаласының теміржол вокзалы ғимаратына жарылғыш құрылғысын салу ниеті туралы мәлімдеген күдікті ұсталды.

25 мамырда сағат 11.25-те 102-пультінің кезекшісіне белгісіз ер адам қоңырау соғып, вокзалға жарылғыш құрылғысын салуды жоспарлап отырғаны туралы хабарлаған. Нысанға дереу жедел-тергеу қызметінің мамандары, «Арлан» арнайы жасағының сарбаздары, ТЖ қызметкерлері жетеді. Вокзал қызметкерлері мен келушілер қауіпсіз жерге көшірілді.

Ғимарат пен оның төңірегі мұқият тексеріліп, ешқандай күмәнді зат табылмады. Сонымен қатар белсенді жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп, кешікпей күдікті анықталып, Құлсары қаласының 27 жастағы тұрғыны ұсталды.

ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира МҰХТАРОВАНЫҢ айтуынша, сараптама оның мас күйде болғанын көрсеткен. Ұсталушы уақытша ұстау изоляторына қамалды, тергеуге дейінгі тексеру жүргізілуде.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген Марат ТАКУЛИН

25 мамыр 2016, 16:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.