Атырау, 28 наурыз 15:12
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

ВАЗ мен Газель соқтығысты

2 124 просмотра

Бүгін, 17 желтоқсанда «Тойота Центр» маңындағы қиылыста тағы да кезекті жол апаты орын алды. ВАЗ-21120 жүргізушісі ғажайыптың күшімен аман қалып, орташа ауырлықтағы жарақатпен облыстық ауруханаға жатқызылды.

Оқиғаны көзбен көргендердің пікірінше, екі машинаның да жөндеуге келуі екіталай көрінеді. Бортты «Газель» жапырылып қалыпты, ал ВАЗ-21120 жолдан шығып кеткен.

Бізге облыстық ІІД баспасөз қызметінде хабарлағандай, апат сағат 14.40-та орын алған. Алдын ала жасалған жорамал бойынша, ВАЗ жүргізушісі ереже бұзып, қаладан әуежай жаққа қарай зымырап келе жатқан Газельді өткізбей, Жеті Қазына ықшам ауданы жақтан қосалқы жол арқылы негізгі жолға шыға келген. Бақтарына қарай, екі көлікте де жолаушылар болмаған.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

Суреттерді түсірген В. Истомин

17 желтоқсан 2011, 23:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.