Атырау, 29 наурыз 09:44
 ашықВ Атырау +10
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

15 тәулік тек басы ғана

2 575 просмотра

Боқаев пен Аянға билікті басып алуға шақырды және жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды деген айып тағылуда

23 мамырда Атырау қалалық мамандандырылған әкімшілік сотында қазіргі уақытта ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 488-бабының 3-тармағы («Бiр жыл iшiнде қайталап жасалған ҚР бейбiт жиналыстарды, митингiлерді, шерулерді, пикеттер мен демонстрацияларды ұйымдастыру және өткiзу тәртiбi туралы заңнамасын бұзу») бойынша 15 тәулікке қамау жазасын өтеп жатқан азаматтық белсенділер Макс БОҚАЕВТЫҢ, Талғат АЯННЫҢ және Ерлан БАШАҚОВТЫҢ апелляциялық шағымдары қаралды.

Сот ғимаратында баспасөз өкілдерінде әу бастан тәртіп сақшыларына қатысты проблемалар туындады. Нәтижесінде ақыры отырыс залына кіру мүмкін болмады. Ол жерде не болып жатқаны туралы Талғаттың әкесі әрі оның адвокаты Төлепқали АЯНОВ арқылы білдік. Ол Макс Боқаевты да қорғады.

Аздаған сот ісі қаралғаннан кейін сот қамалғандардың үшеуінің де апелляциялық шағымдарын қабылдамай, алдыңғы сот шешімін күшінде қалдырды. Осыдан кейін Талғат Аян мен Ерлан Башақовты жедел қызмет есігі арқылы шығарып, уақытша ұстау изоляторына алып кетті. Макс Боқаевпен де туыстары тілдесіп үлгермеді. Ол туыстарына жүйткіген полицей көлігінен қолын бұлғап кете барды.

Ал Төлепқали Аян хабарлағандай, Макс Боқаев пен Талғат Аянға қатысты нақты және әжептәуір мерзімге бас бостандығынан айыруды қарастыратын ҚР ҚК-нің 179-бабы («Билікті басып алуды насихаттау немесе оған жария түрде шақыру») және 272-бабы («Жаппай тәртiпсiздiк») бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі басталды.


Марат ТАКУЛИН

Суретті және бейнежазбаны түсірген автор

24 мамыр 2016, 09:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.