Атырау, 23 сәуір 15:30
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 445.66
€ 474.58
₽ 4.78

Жаңаөзенде ереуілшілер мен полиция қақтығысып қалды

4 861 просмотра
Полицейлер мен жұмысшы киімін киген адамдар. Жаңаөзен, 16 желтоқсан 2011 жыл. (Стан.кз бейнепорталының суреті).
 

Ақпарат құралдарының хабарлауынша, қала алаңына жиналған ереуілшілер әкімшілік ұйымдастырған оқушылар мен жастар шеруінің өтуіне, киіз үй тігілуіне қарсы болған.

Мұнайшылар «бұл шара  – биліктің арандатуы» деген ойларын айтып, киіз үй тігуге қарсы екендерін айтады.

Стан.кз бейнепорталының хабарлауынша, ереуілшілерді таратуға келген Жаңаөзен қаласының әкімі Орақ Сарбөпеев мұнайшыларға мерекелік шара өтуіне, киіз үй тігуге бөгет болмауларын, «бұл әрекеттерін тоқтатуы керегін, әйтпесе арты жаман болатынын»
Қала алаңындағы полицейлер. Жаңаөзен, 16 желтоқсан 2011 жыл.
​​​​ескертті. 

Тәуелсіздік күнінен арналған шеру өтпей қалды. Алаңға тігуге киіз үйлерін алып келген адамдар:

– Алаңда ешкім жоқ деп бізді алдап шақырды. Келсек, мыңдаған ереуілші тұр. Әкім бұлардың шаруасын бұған дейін неге шешпеген? Сондықтан киіз үй тікпейміз деп, көлікке қайтадан тиеп әкетіп жатырмыз, - дейді.

Жаңаөзен қаласы әкімінің кеңесшісі Айнаш Тілекқабылова тәртіпсіздік жасаушылар таяқпен, темірмен, жанғыш зат құйылған бөтелкемен қаруланғанын айтты деп хабарлайды "Ақтау-Лада" газеті. 

Азаттық тілшісі Айнаш Тілекқабыловаға хабарласып, осы оқиғаның егжей-тегжейін сұраған еді. Бірақ ол Азаттықтан хабарласқанын ести сала телефондарын өшіріп тастады.

Одан соң Маңғыстау облысы әкімінің кеңесшісі Жанна Ойшыбаеваға телефон соқтық.

- Жаңаөзен қаласы әкімшілігі «Өзенмұнайгаздың» жұмысқа келмегені үшін қызметтерінен шығарылған мұнайшылары тұрған алаңға киіз үй тікпек ​​болған.
Қала алаңындағы полицей мен ереуілшілер. Жаңаөзен, 16 желтоқсан 2011 жыл.

Қала тұрғындарына, оның ішінде жұмыстан шыққан қызметкерлерге де мерекелік көңіл-күй сыйламақ болған. Бірақ бұған алаңдағы ереуілшілер наразы болып, қала тұрғындарына тас лақтырып, ысқыра бастады, - дейді Жанна Ойшыбаева.

Ол «Новости Казахстан» ақпарат агенттігінің «бұзақылар полицейлерді сабап, шырша мен оның жанында тұрған автобусты өртеп жіберді» деген дерегін растаған жоқ.

Ақпарат құралдары «ереуілшілер мен полиция қақтығысынан он шақты адам қайтыс болды, жараланды» деген ақпарат та таратқан еді.

Ал Қазақстан бас прокуратурасының мәлімдеуінше, желтоқсанның 16-сы күні Жаңаөзенде «бір топ адамның қылмыстық әрекеті кесірінен жаппай тәртіпсіздік шыққан».

«Қаланың орталық алаңындағы мерекелік шара өтпей қалды, тәуелсіздік күнінен орай тігілген киіз үйлер мен көшпелі сахна бүлінді. Екі полиция қызметкері соққы алды. Әлеуметтік желілердегі «атыс болды, адам қайтыс болды» деген ақпараттар шындыққа жанаспайды» дейді бас прокуратура.

Бұл оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, ішкі істер министрі басқаратын жедел тергеу тобы құрылған.

Азаттық радиосы

16 желтоқсан 2011, 16:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.