Атырау, 29 наурыз 11:17
 ашықВ Атырау +10
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

EgyptAir ұшағы Жерорта теңізінде радардан жоғалды

2 149 просмотра

Фото: Global Look Press

Египеттің EgyptAir ұлттық әуе компаниясы Парижден Каирге MS804 рейсі бойынша ұшып шыққан жолаушылар ұшағы радардан жоғалып кеткенін мәлімдеді. Бортында 69 адамы бар Airbus A320 ұшағы радардан Египет әуе кеңістігіне кірген соң ұзамай жоғалған. EgyptAir компнаиясы Twitter-дегі парақшасында ұшақпен байланыс Египет әуе кеңістігінде шамамен 16 километр биіктікте болғанда жоғалғанын жазады. Ұшақ Жерорта теңізі үстінде ұшып келе жатқанда радардан жоғалған,- деп хабарлады Азаттық.

Ұшақ бортында 59 жолаушы мен экипаждың 10 мүшесі болған. Twitter-дегі ақпаратта тиісті ведомстволарға хабар беріліп, ұшақ іздестіріліп жатқаны айтылады.

Биыл наурыз айында осы компанияның Александриядан Каирге ұшып шыққан ұшағын египеттік ер адам басып алып, ұшақты күштеп Кипр әуежайына қондырған. Ұшақты басып алған адам әуежайда өзін бұрынғы әйелімен кездестіруді талап еткен. Басып алған адам алты сағат келіссөзден соң беріліп, оқиға бейбіт аяқталған.

Қазан айында Синай түбегінде ресейлік Metrojet компаниясының Airbus A321 ұшағы апатқа ұшырап, борттағы 224 адам түгел қаза тапқан. Ресей үкіметі мен Батыс елдері ұшақ бортына жасырылған бомба жарылып апатқа ұшырады деп мәлімдеген. Экстремистік "Ислам мемлекеті" ұйымы өз содырлары ұшақ бортына бомба жасырғанын мәлімдеген.

Дереккөз: Аzattyq.org

19 мамыр 2016, 10:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.