Атырау, 29 наурыз 15:38
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Банктер ауылмен байланысудан қашады

1 887 просмотра

2016 жылы «Бизнестің жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыру үшін Атырау облысына 2,5 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте кәсіпкерлік басқармасының басшысы Диас ЖӘНІБЕКОВ хабарлады.

Бүгінде өңірде 116,2 мың адам еңбек ететін 47 мыңнан астам шағын және орта кәсіпорын жұмыс істейді. Шағын және орта бизнес құрылымындағы негізгі үлес сауда мен көлік саласының еншісінде. Ресми мәліметтерге сәйкес, өткен жылы біздің шағын кәсіпорындарымыз жалпы сомасы 815,7 млрд теңгеге өнімдер шығарған.

– Ауылдардағы кәсіпкерлікті қаржыландыруға қатысты проблемалар бар. Өйткені, банктер кепілдер өтімділігі төмен болғандықтан ауыл жобаларына несие бермейді, - дейді Д.Жәнібеков. Осы проблеманы шешу үшін жергілікті бюджеттен ауыл кәсіпкерлерін шағын несиелеу мақсатында соңғы үш жылда 657 млн теңге бөлінген. Ақшалар Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы 7 пайызбен бөлінеді. Барлығы өндіріс пен сервиске бағытталған 147 жоба мақұлданды. Мұнда тікелей ауылшаруашылық жобалары (егін шаруашылығы, мал шаруашылығы және т.б.) қаржыландырылмайды. Өйткені, бұл мақсаттар үшін салалық мемлекеттік бағдарламалар бар.

«Бизнестің жол картасы-2020» аясында республикалық бюджеттен шағын несиелеуге 197,8 млн теңге бөлінді. Бұдан басқа, бірге бір сызбасы бойынша «Даму» қорымен бірге жобаларды ортақ қаржыландыру үшін 150 млн теңге бөлу жоспарланып отыр.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

19 мамыр 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.