Атырау, 29 наурыз 06:20
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Көшедегі йога

2 891 просмотра

Жексенбі күндері таза ауада йогадан тегін дәрістер алуға болады. Фитнес-орталықтардың бірі Атыраудың барша тұрғындарына осындай мүмкіндік ұсынады.

Йога-workout ұйымдастырушылары йоганы соқыр сенім практикасы ретінде қабылдайтын тұрғындар тобының жаңсақ пікірлерін сейілткісі келеді. Бір сағаттық сабақтар таңертеңгі сағат 10-нан бастап барша үшін ашық (көшеде) өтеді. Сарыарқа ықшамауданындағы №28 үйдің (ҰҚК ғимаратының сол жағында) спорт алаңында тренер Динара СЕЙДАХМЕТОВА салауатты өмір салтын жария насихаттаумен айналысады. Динара сабақтардың ауа райы мүмкіндік бергенше тұрақты түрде жалғасатынын растап отыр. Өткен жексенбіде ол үшінші сабақты өткізген, бірақ келушілер аз болыпты. Сол күні йогамен айналысқанына тек бір ай болған, бірақ қиынырақ асандарды жасауды үйренген Наташа ғана келген.

Динара үш жыл өз денсаулығы үшін айналысқан, кейін Үндістандағы Ришикешке кетіп, сол жерде нұсқаушыдан үйреніп алған классикалық хатха-йоганы ұстанады. Нұсқаушылыққа басқа мамандықтарда жолы болмағандар жиі барады деген тағы бір қате ұғым бар: Динара йогаға үлкен сақтандыру компаниясының бас кеңсесінің сауда-саттықты қолдау бөлімінің бастығы позициясынан кеткен.

– Мен Үндістанда өзім үшін үйрендім, содан кейін тағы бір жыл өзімнің алматылық кеңсемде жұмыс жасадым. Бірақ жұмыс маған қанағаттану сезімін сыйламады. Көзге көрінер нәтиже беретін, қолмен ұстап көруге, түйсінуге болатын басқа нәрсемен айналысқым келді. Әлдебір қолөнер кәсібіне кетсем бе деп те ойладым. Ұзақ уақыт бойына айқындала алмадым. Содан бір күні жұмыстан босап шықтым да, саяхатқа кеттім: бір өзім Португалияны, Испанияны араладым, кейін серігіммен бірге Қырымға, Қырғызстанға, Тәжікстанға, Өзбекстанға автостоппен шықтым... Сол саяхат кезінде дәріс бергім келетінін және бере алатанымды түсіндім. Хостелдерде таңертеңгі уақыттарда көбінесе басқа тұрғындар жаныма келіп отырып, менімен бірге айналыса бастайтын. Осылайша маған мұның ұнайтынын түсіндім. Өткен жылы үйіме, Атырауға оралып, сабақ бере бастадым, - деп әңгімелейді Динара.

Демалыс күндері ол барша ниет білдірушілерді үйретуге әзір:

– Бұл жалпы сізге йога бара ма, сіздің денсаулық жолыңыз ба, соны түсінуге жақсы мүмкіндік. Егер сіздің апта ішінде үнемі сабаққа баруға ақшаңыз жоқ болса, жексенбілік сабақтарда техникасын игеріп алып, өзіңіздің үйіңізде жасауыңызға болады.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

Суретті түсірген автор

19 мамыр 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.