Атырау, 24 сәуір 20:26
 ашықВ Атырау +13
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Қысқа қайырғанда

1 635 просмотра

Қала әкімінің орынбасары Әділбек НҰРЛЫҒОЖИЕВТІҢ айтуынша, келер жылы Ерік Мостовой жағалауынан жаңа диаметрі 40 см. болатын суару  су құбырлары салынады екен. Бұдан басқа, суару су құбырлары желісі мына бағыттар бойынша салынбақ: Құрманғазы көшесінен – Балауса (Ракуша) мөлтек ауданына және Сәтбаев даңғылы – туберкулезге қарсы аурухана. Жоба мұнай компанияларының есебінен қаржыландырылатын болады. Облыс орталығындағы суару су құбырлары Азаттық, Сәтбаев, Тайманов, Лобовая және Құнанбаев аудандарында бытыраңқы күйде тартылған.

 

Депутаттар бір ауыздан Атырау облыстық ревизиялық комиссия төрағасы лауазымына Болат Қонарбайды бекіту үшін дауыс берді. Ол төменгі палатаның таратылуына байланысты парламент мәжілісінің Атырау облысынан сайланған депутат өкілеттілігінен босатылған еді.

 

Қала әкімінің баспасөз қызметі апатты қызметтің тәуліктік телефондарын қатерге береді. Орталық жылу тоқтап қалған жағдайда – 32-23-75 («АЖЭО» АҚ), жылу және ыстық сумен жабдықтау желілерінің жарылуы – 32-22-58, 99-43-07, салқын сумен жабдықтау желісінің жарылуы – 76-09-16, 17 және 18 ( «АСА»КМК), электр жарығының ажыратылуы – 32-36-36, Балықшы поселкесіндегі жылудың тоқтап қалуы – 24-35-50, құтқару қызметі – 36-18-49, қалалық әкімдіктің жалпы жедел кезекшілік қызметі – 35-41-31 (сағат 18-ден  8-ге дейін).

 

Атырауда 12 желтоқсан күні Қазақстандағы АҚШ елшілігінің саяси бөлім қызметкерлері болды. Олардың мақсаты – парламент сайлауы қарсаңындағы дайындық барысымен танысу. Елшілік қызметкері Эрик Лидербахтың айтуынша, мұндай іс-сапарлар сайлауға дайындық шаралары жөнінде әлемдік жұртшылыққа нақты ақпараттар алуға мүмкіндік береді екен.

 

Өткен жұма күні ҚР президенті Н.Назарбаевтың қатысуымен болған жалпы ұлттық телекөпір кезінде Атырауда «Рауан Налко» ЖШС зауыты пайдалануға берілгендігі көрсетілген болатын. Құны 1,8 млрд теңге болатын құрылыстың бас мердігері қазақстандық «Газ-С» компаниясы болды. Жоба компанияның өз қаржысы  және Еуропалық қайта құру және даму банкінің несие қаржысы есебінен жүзеге асырылды. Жаңа зауыт мұнай

15 желтоқсан 2011, 11:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.