Атырау, 20 сәуір 14:52
 ашықВ Атырау +26
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Никитенко «Атыраудан» кетті

2 621 просмотра

«Атырау» ФК баспасөз қызметі хабарлағандай, «Ақтөбе» командасынан 0:1 есебімен жеңіліспен аяқталған 10-шы турдың матчтық ойынынан (9 мамыр) соң «Атырау» командасының бас бапкері Владимир НИКИТЕНКО өз еркімен жұмыстан кетуге өтініш берді.

Бүгін, 11 мамырда «Атырау» ФК басшылығы бұл өтінішті қабылдады. Клуб жаңа бас бапкерді іздестіруге кірісті. Бас бапкердің міндетін уақытша атқарушы болып Никитенконың көмекшісі Юрий КОНЬКОВ тағайындалды.

«“Атырау" футбол клубы бірлескен жұмысы үшін Владимир Андреевич Никитенкоға алғысын білдіреді және оған табыстар тілейді», - делінген баспасөз қызметінің мәлімдемесінде.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ
11 мамыр 2016, 16:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.