Атырау, 29 наурыз 03:13
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Су алаңдағы тең ойын

2 556 просмотра

5 мамырда «Мұнайшы» стадионында футболдан «Атырау» және «Ордабасы» (Шымкент) командалары арасында еліміз чемпионатының 9-шы турының матчы өтті.

Ойын алдында ұзақ жаңбыр жауып, алаңдағы жиналған шалшық сулар доп тебуге кедергі келтірді. Дегенмен, командалардың тартысты ойын көрсетті. Ойынның 4-ші минутында есепті алаң қонағы Филип КАСАЛИЦА ашты. Алаң иелері бірінен соң бірі қауіпті шабуыл жасай отырып, алға ұмтылды. Әсіресе, «Атыраудың» жартылай қорғаушысы Ұлан ҚОНЫСБАЕВ ерекше көзге түсті. Бірақ, доп қақпаға еш дарымады. Сәттілік тек бірінші таймның соңғы минуттарында ғана туды. Шабуылшы Пшемыслав ТРЫТКО «Орбасы» қақпашысының қақпадан алыста екендігін көріп шеберлікпен допты оның үстінен асыра теуіп, есепті теңестірді. Екінші таймда алаң иелері шабуылдауды жалғастырды, алайда, қонақтар өз қорғаныстырына мығым болды. 50-ші минутта апыр-топыр сәтте айыпты «Атырауға» «Ордабасы» ойыншыларының бірі қақпашы Жасур НАРЗИКУЛОВТЫ итеріп қалды, соның нәтижесінде доп қақпаға кірді. Жасур арбитрға жүгінгенімен ол өз дегенінен қайтпады, ал, дүдәмал гол есептеліп кетті.

Ойынның 85-ші минутында тағы да Трытко күшті де алыстан дәл соғылған соққысымен есепті 2:2 етті. Польшалық жігіт өзін көрсете білді!

Бұл матчта басқа гол соғылмады. Өз алаңында тең ойнау, әрине, оң нәтиже емес. Дегенмен, жанкүйерлер біздің футболшыларымыздың табандылығын бағалай білді және оларды алаңнан қошеметпен шығарып салды.

- Алаңның жағдайы мен ауа-райы ойын барысына айтарлықтай әсер етті. Ойын нәтижесінің осылайша аяқталуы біздің ойыншыларымыздың, қарсыластың да тарапынан жіберілген техникалық қателіктерге де байланысты болды, - деді «Атырау» командасының бас бапкері Владимир НИКИТЕНКО (суретте) матчтан кейінгі баспасөз конференциясында.

– Қақпаға салынған бірінші гол – біздің қорғаныстағы қателігіміздің нәтижесі. Содан кейін жақсы сәттер туды, бірінші таймның соңғы минуттарында алғашқы гол салынды. Екінші таймда да жақсы көңіл-күймен ойнадық. Алайда, қақпаға доп салу жағы қиындау болды. Айталық, Александр МАКАСЯНЫҢ бір өзінде бірнеше оңтайлы сәттер болды, ол жай ғана соғу позициясын қабылдауы тиіс еді.

- «Атырау» қақпасына салынған екінші голға қатысты не айтасыз?

– Ол жерде не болғанын қазір айта алмаймын. Өте бір ширақ сәт болды. Бейнежазбасын қарау кеерк.

Оның артынша «Ордабасы» командасының бас бапкері Бахтияр БАЙСЕИТОВ сөз алды:

–«Атырау» секілді мықты командамен қонақта тең ойын нәтижесіне қол жеткізу, жақсы нәтиже деп есептеймін, жігіттерге ризамын.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген автор
6 мамыр 2016, 12:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.