Атырау, 19 сәуір 08:04
 ашықВ Атырау +30
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

«Ғарыш айлағы туралы» заң мақұлданды

4 114 просмотра

Бүгін ҚР Парламентінің Жоғарғы палатасының депутаттары «Ғарыш айлағы туралы» заңды бірауыздан қабылдады.

«Сатана» атты жаппай қырып-жоятын қару келер жылдан бастап бейбіт мақсатта қолданылатын болады. Байқоңырдан ұшырылатын зымыран енді спутниктік байланыс орнатуға бағытталады. Негізгі мақсаты –Ресей мен Украина елдерінде байланыс қызметтерін қамтамасыз ету болмақ. Бұл туралы бүгін ҚР Парламентінің Сенатында Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев мәлімдеді. Бұл жоба коммерциялық бағытта жүзеге асырылады. Одан түскен қаржының бір бөлігін Қазақстан алатын болады. Бірақ оның қанша пайызы қазаққа бұйыратыны әлі нақтыланған жоқ. Қазір зымыранды құрастыруға 200-ге жуық отандық мамандар тартылыпты. Бұл жоба 1995 жылы жасалған Ресей мен Қазақстан арасында ғарышкер мамандарды даярлау келісімшарты бойынша жүзеге асырылуда. Сондай-ақ қазіргі уақытта ресейліктер өз жерлерінде, нақтырақ айтсақ, Амур облысында «Восточный» ғарыш айлағын салып жатыр. Дайын болып пайдалануға берілсе, көрші ел ғарышқа зымырандарын өз мекендерінен ұшырады. Сондықтан он жылдан кейін Байқоңырды қамтамасыз ету мен оны тиімді пайдалану туралы мәселеге тек біздің ел ғана жауап беретін болады. «Осы күні ғарыш айлағының 10 жылдық шығыны 300 миллион АҚШ долларын құрайды. Ғарышқа тағы бір ел азаматын ұшыру мәселесіне келгенде қаржының қолбайлау болып отырғанын ескерсек, болашақта «Байқоңырды» ұстап тұру мәселесі де бас қатырарлық шаруаға айналуы ғажап емес», - деді сенаторлардың алдында Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев.

Дереккөз: 1tv.kz

14 желтоқсан 2011, 20:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.